Қосалқы. Принц Гарри Герцог Сасесский. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Принц Гарри Герцог Сасесский
Издательство: Альпина Диджитал
Серия:
Жанр произведения:
Год издания: 2023
isbn: 9786018120114
Скачать книгу
бұрынғыдай көрінді. Жасыл желек қаптаған Беркшир графтығының ауылды жерінде орналасқан Ладгроув мектебі әдеттегідей ауылдық шіркеуге ұқсайды. (Ойлап қарасам, мектептің ұраны да Екклесиаст кітабынан: «Қолыңнан келсе, қонышынан бас!») Дегенмен екі жүз акр орманы мен шабындығы, спорт алаңдары мен теннис корттары, ғылыми зертханалары мен капеллалары, әрі қоры бай кітапханасы бар ауылдық шіркеулер көп емес.

      1997 жылы мені іздей қалсаңыз, кітапханадан емес, орманнан табуыңыз әлдеқайда ықтимал еді. Одан қалды, спорт алаңында. Әрқашан қозғалуға, өзіме бос уақыт қалдырмауға тырыстым.

      Сосын, көбіне жалғыз жүретінмін. Әдетте адамға үйір болатынмын, бірақ сол күндері ешкімді жақындатқым келмеді. Кеңістік керек болды.

      Десек те, жүзден астам ер бала көрші тұратын Ладгроувта бұл оңай шаруа емес еді. Бірге тамақтанып, шомылып, ұйықтап, кейде бір бөлмеде он шақты ұл тұратынбыз. Барлығы бір-бірінің сырын білетін, тіпті кімнің сүндеттелгеніне дейін. (Біз оларды «дөңгелек бастар» дейтінбіз.)[1]

      Дегенмен жаңа тоқсан басталған кезде бірде-бір бала анамды аузына алмады. Құрметтері ме?

      Қорыққаннан десем, дұрысырақ болар.

      Өз басым ешкімге ештеңе демедім.

      Қайтқаннан кейін бірнеше күн өткен соң туған күнім болды. 1997 жылғы 15 қыркүйек. Он үшке толдым. Бұрыннан келе жатқан Ладгроув дәстүрі бойынша торт, шербет беріледі және маған екі дәмді таңдауға рұқсат берілді. Мен қарақат пен мангоны таңдадым.

      Анамның сүйікті дәмдері болатын.

      Ладгроувта туған күндерге үлкен мән берілетін, себебі балалардың бәрі, әрі ұстаздардың көбі тәттіге құмар еді. Туған күн иесінің жанындағы орын үшін қатты талас жүретін: сондағысы торттың үлкендеу бөлігін аласың, әрі алғашқылардың бірі болып жейсің. Менің жанымдағы орынды кім жеңіп алғаны есімде жоқ.

      – Тілек тіле, Хәрри!

      «Тілек керек пе? Жарайды, Анашым әлі…»

      …Дей бергенім сол еді, Сара тәтем келе қалды.

      Қолында қорабы бар.

      – Аша ғой, Хәрри.

      Сыйлықтың қағазын, таспасын жырттым. Ішіне үңілдім.

      – Бұл не?

      – Анаң сен үшін алған. Әлгі оқиғаның дәл алдында…

      – Парижде ме?

      – Иә, Парижде.

      «Xbox» екен. Қуанып қалдым. Бейне ойындар қатты ұнайтын.

      Бәрі солай болды деседі. Өмірім туралы көптеген жазбаларда келтіріледі, рас-өтірігін білмеймін. Әкем анамның басын жарақаттағанын айтты, мүмкін, керісінше, менің миым зақымдалған шығар? Сірә, қорғаныс механизмі ретінде менің жадым болып жатқан оқиғаларды бұрынғыдай есте сақтамайтын да болар.

8

      ЕКІ ДИРЕКТОРЫ ГЕРАЛЬД МЫРЗА ЖӘНЕ МЭРСТОН МЫРЗА атты екі ер адам болғанына қарамастан, Ладгроувтағы ас-суды басқаратын әйел адамдар еді. Біз оларды матрондар деп атайтынбыз. Күнделікті не жылу көрсек, солардан көретінбіз. Матрондар бізді құшақтап, сүйіп, жарақаттарымызды таңып, көз жасымызды сүртетін. (Тек менің емес. Сол бейіт басындағы оқиғадан кейін мен жыламайтын болдым.) Олар өздерін біздің қамқоршыларымыз


<p>1</p>

Roundhead (round – дөңгелек, head – бас) – Ағылшын азамат соғысы (1642–1651) кезінде Англия Парламентін қолдаған топ. Сүндеттелген мүше солардың дулығаларына ұқсатылғандықтан айтылады.