Қосалқы. Принц Гарри Герцог Сасесский. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Принц Гарри Герцог Сасесский
Издательство: Альпина Диджитал
Серия:
Жанр произведения:
Год издания: 2023
isbn: 9786018120114
Скачать книгу
есімде. Жұдырығым тастай жұмылғаны да есімде. Көзімнің бір қырымен Уиллиге қарап, одан күш-жігер алғаным есімде. Бәрінен де түрлі дыбыстар есімде жақсы сақтаулы: жүгеннің сыңғыры мен тер басқан алты қоңыр аттың тұяқтарының дүбірі, олар тартып келе жатқан қарулы арбаның дөңгелектерінің сықырлағаны. (Бірінші дүниежүзілік соғыстың жәдігері екен, онысы лайықты көрінді, себебі анам бейбітшілікті қанша жақсы көрсе де, папараццимен немесе әкеммен шайқасып жүріп, жиі сарбаз сияқты көрінетін.) Бұл дыбыстар өмірімнің соңына дейін жадымнан өшпесе керек, өйткені олар айналаны кернеген тыныштықтан айрықшаланып тұрды. Бірде-бір мотор, көлік, құс үні жоқ. Адам дауысы да болмады. Онысы мүмкін емес еді, себебі көшеге екі миллион халық жиналған-ды. Оқта-текте естілген зар ғана адамнан құралған шатқалда келе жатқанымызды сездірді.

      Жиырма минуттан кейін Вестминстер аббаттығына жеттік. Ұзын қатарлы орналасқан орындықтарға отырдық. Жерлеу рәсімі бірқатар дұғалар мен қабір басындағы мадақтаулармен басталып, Элтон Джонның орындауымен аяқталды. Ол аббаттықты басқарған корольдердің бірі өлілер әлемінен оралғандай орнынан баяу, қысылып көтерілді. Алға шығып, үлкен пианиноға барып отырды. Оның анама арнап қайта өңдеген «Жел тербеген майшам» атты шығармасын білмейтін адам жоқ шығар. Ойымда қалған әуен менің жадымда сол сәттен қалып қойды ма, жоқ кейін бейнероликтерден естідім бе – анық есімде жоқ. Қайта-қайта көрген қорқынышты түстерімнің қалдығы болуы да мүмкін. Қалай болғанда да, ән шарықтау шегіне жеткенде көзім шым-шым етті де, жас төгіле жаздады.

      Жылауға шақ қалдым.

      Рәсім аяқталар сәтте Чарльз көкем өзіне берілген уақытта барлығын сөкті: отбасымызды, халықты, баспасөзді – анамды өлім аузына дейін қуып барғанның бәрін. Бұл соққыдан аббаттықтың, сыртта тұрған жұрттың тайсалғаны сезілді. Шындық жанға батады. Содан кейін сегіз Уэльс сақшысы алға жылжып, қорғасынмен қапталған үлкен табытты көтерді, ол бұл жолы Корольдік байрақпен жабылды, протоколдың өрескел бұзылуы деп осыны айт. (Қысымға мойынсұнып, туды діңгекке жартылай түсіріп те қойды; әрине, Корольдік байрақты емес, «Юнион Джекті», десек те, бұрын-соңды болмаған ымыра.) Корольдік байрақ әрқашан тек корольдік отбасы мүшелеріне ғана арналатын, ал анам енді отбасы мүшесі емес деп еді. Демек, әжем оны кешірген бе? Сондай сияқты. Бірақ табытты көшеге ақырын алып шығып, қара арбаға тиеп жатқан кезде бұл сұрақтарды үлкендерге қоймақ түгіл, санамда құрастырып та үлгермедім. Ұзақ кідіргеннен кейін, катафалк жолға шығып, Лондонды ақырын айналып өтті. Ескірмейтін бұл қаланың барлық жағында жиналған халық саны Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын тойлаған халықтан екі есе көп. Катафалк Букингем сарайының жанынан, Парк-Лейн бойымен қала шетіне қарай өтіп, Финчли жолына, содан кейін Хендон жолына, Брент Кросс эстакадасына, Солтүстік айналма тас жолға, М1 тас жолының 15а қиылысына, содан соң солтүстікке қарай Харлстонға дейін жүрді де, Чарльз көкемнің иелігіндегі темір қақпадан өтті.

      Элтроп.

      Уилли екеуіміз бұл сапардың басым бөлігін теледидардан көрдік. Элтропқа