Батыра орманға таяу қалды, енді алып ағаш пен оның айналасындағы орман да көзге көріне бастады. Алайда барған сайын мінген жылқысының басы салбырып, шатқалақтай бастады, сосын кішкене жүргеннен кейін ол мүлде тоқтады, Батыра оның құлайтынын түсінді ме, бірден үстінен секіріп түсті, осы сәтте ол аңдаусызда суға толы торсығын түсіріп алды.
Батыра жылқыдан түсе, шаршаған жануар артынша жерге сұлаип құлады, баланы одан ары қойып, жылқының ноқтасынан ұстап ары-бері жұлқып, оны тұрғызбаққа тырысты. Батыра оның тұрмайтынын білді, бірақ не үшін тырысып жатқанын өзі де түсінген жоқ, ол екі күн аштықтан ойын жинақтап, дұрыс ойлана да алмады.
Пайдасыз іс екенін түсінгеннен кейін, атты тастай, үстіндегі қапшықтарды алып иығына асына, баланы қайта кеудесіне байлап, орманға қарай асықты. Артына қайта-қайта қарады – ешкім байқалған жоқ. Бірақ көп ұзамай, оның тастап кеткен – әлі құрыған жылқысымен қоса аңдаусызда түсіріп алған торсығын Дат тауып алды.
– Біз оған жетіп қалдық. Тым аз қалды! Сақ болыңдар! Ештеңені көзден жіберуші болмаңдар, тіпті оның бір тал шашы түсіп қалса да көзден таса етуші болмаңдар, – деді ол.
– Олардан біраз алыстап кеткен сияқтымыз, – деп Батыра сәбиге сөйледі, – енді орманға жетсек болғаны – аз қалды, тағы бірер сағатта жетіп қаламыз. Бірақ ол қателесті – қуғыншылар бірнеше шақырым жерде келе жатқан еді. Алайда олардың да жылқылары шаршаған соң, жүрістері бәсеңдей түсті. Күн көкжиектен асып, жоғары қарай беттей, айнала жарыққа бөленді.
Жарты сағаттай жаяу жүре Батыра үлкен дөңге кезікті, ал оның бергі жағында сылдырлап кішігірім өзен ақты, ол өзенді көре сала, оған жүгіріп, баланы шетке жатқыза, таза әрі салқын суға беті-қолын жуды, сосын екі алақанын суға толтыра ішті, Батыра өзін бір жеңілдеп қалғандай сезінгенімен, бойындағы әлсіздігі кеткен жоқ.
Дөңнің бетін толықтай жасыл шөп басты, шамасы қалмаған Батыра шөптен тартып, дөңнің төбесіне қарай көтерілді; оның төбесіне жету Батыраға өте қиынға соқты – тыпырши ентіге, жүрегі кеудесінен сыртқа шығып кететіндей соғып, ол жағары өрмеледі. Оның бойын әлсіздік қаулап, басы айналып, тіпті көзі қарауытты, ал үстіндегі қоржындар оған өрмелеуге қиындық туғызды.
Ол орасан күш сала, ырсылдай дөңнің төбесіне де жетті. Оның арғы жағында қалың ну орманға керемет көрініс ашылғандай, алайда бұл көкжиекке қарай созылған орман Батыра үшін үлкен қауіпті жасырып тұрғандай болып көрінді. Орманның бірнеше жерінен алып ағаштар өсіп, олардың қалың бұтақтары жан-жаққа – бірнеше шақырымға созылды, олардың биіктігі соншалықты аспанда бұлттармен таласты, ағаштардың алып бұтақтарынан төмен қарай ұзын шырмауықтар салбырады. Алыстан қарасаң, осы орасан үлкен ағаштар құдды аспанда қалқыған ормандарға ұқсады.
Батыра соңынан келе жатқан қуғыншылардың жоқ екеніне көз жеткізу үшін бұрылып артына қарады. Басында оның жанары алысты бұлыңғыр етіп көрді, сосын кішкене мұқияттық тантықаннан