– Алдыға қарай қысыңдар, жоғарыдағылардың көзін құртыңдар! – деді Әли.
Оның сарбаздары төбедегі қарсыластарына жебелерін жаудырып, оларды төмен қарай құлатты, қақпа алды жіңішке болғандықтан, қала ішіндегілердің барлығы бірдей оларға шабуыл жасай алмады, оларды қалаға қайта ығыстырып, қақпаның ортасынан орын тепті: ішке, сыртқа және қақпаның төбесіне жол бермей, қарсыластарының көптігіне қарамастан, оларды ұстады. Соғысуға өте ыңғайлы орын – Ерұлан мен Әлидің сарбаздарына аз шығын болып, ұзақ тұруына көмектесті, сандарының аздығына қарамастан, қарсыластарын қаладан тапжылтпай ұстады.
Бұл уақытта Батыра оңтүстік-батысқа қарай беттеді, айнала тек жазық дала және Бұлақты қаласына апартын шаңды жол ғана, алайда ол өте алыстан қалаға қарай келе жатқан әскердің қарасын көрді, оның дәл алдында бес-алты шақырым жерде Батыраға қарай тағы да мыңға жуық атты сарбаз келе жатты, ол не істерін білмей жылқысын тоқтатып, қалаға қарай басын бұрды, қаладан алыстап кеткенімен, шайқастың дауысы оның құлақтарына айқын естілді. «Мұнда, тор ішіне түскен балық сияқтымын, маған бір жабық орын табу керек, даланың кез келген жерінен мені көріп, ұстау оңай» деп ойлады. «Бірақ қайда? Қайда қашамын?» деп батыс жақтан өте алыстағы ағашқа көзі түсті.
– Ерұлан дұрыс айтыпты, маған Батыс орманнан басқа баратын жер жоқ, бізде басқа амал жоқ сияқты, балақай, – деп алдында тыныш ұйықтап жатқан балаға қарап сөйлеп, Батыс орманға қарай шаба жөнелді.
Ал қаладағы шайқас әлі жалғасуда, алайда Ерұлан мен басқалары ыңғайлы орнына қарамастан, олар саны көп жауды алдында ұтыла бастады.
– Олар адам емес, қырыңдар, қырыңдар! – деп Әли айқай салды.
– Қалайша, адам емес? – деп сұрады Ерұлан.
– Саған олар адам болып көрініп тұрған шығар, бірақ шын мәнінде олар адам емес, дәрігерлер мен сарбаздарды ханның сиқыршылары қара сиқырды қолданып жасаған, сондықтан олар адам емес, бірақ біз ханның нағыз сарбаздарымен шайқасқа түспегенімізге қуан, мыналардың орнында солар болатын болса, біздің шаруамыз бітті дей бер, себебі оларды өлтіру мүмкін емес, – деді Әли. Шайқас арасында Ерұлан Әлиге сұрақ та қойып үлгеріп жатты.
– Неге олар бірден әлгі сарбаздарды жібермеген? – деп сұрады.
– Себебі оларды тек бір жағдайда жібереді, жауды толықтай қыру үшін ғана, хан елдегі халықтың күдігін тудыртпас үшін адамға ұқсас сарбаздарын жіберді, оларды адам сияқты жүріп-тұруға үйрету оңай, ал әлгілер… олар адам иеленген түйсіктен жұрдай, сондықтан халық арасында олар жүре алмайды, – деп айтқаны сол еді, Әлидің сол жақ көкірегіне қаңғып келген оқ тиіп, жерге сұлап түсті.
– Әли… – деп айқайлады Ерұлан.
– Мені