Орнынан атып тұра, шатқалақтай атына жүгірді, қопалдығының кесірінен ол баланы басып кетуге шақ қалды. Баланы жылдам асынып, өзеннен бос торсығына су толтырды. Жылқысын асыға ерттеп, оған жайғасып, жан-жағына көз жүгірте, қарсыластарына көрінбейтіндей; сытылып кете алатын ыңғайлы бағытты іздеді. Алдында созыла жатқан сай соңына қарай екіге бөлінді, атын қамшылап барынша қатты шауып сайдың екіге бөлінген жеріне келді, оң жақтағысы бірден жазық далаға апарды, сол жақтағысын таңдап барынша сайда жүруге тырысқанымен, кішкене шапқаннан кейін Батыра дөңге шықты. Енді ол қарсыластарына айқын көрінді, бірақ оны шыға салысымен ешкім байқамаған сияқты, әлі ешкім оның артынан қуған жоқ, алайда бұл ұзаққа созылмады: бірер сәттен кейін, оны Даттың сарбаздары байқады да:
– Мынау сол, кәне дабыл бер! Жылдам! – деп олардың бірі жолдасына айқайлады, сарбаз мүйізді үрледі, мүйізден шыққан дыбыс жазық даладағы барлығына естіліп, назарлары сонда ауды.
Дат пен барлық сарбаздар жер дірілдетті, мүйіздің дыбысы шыққан жаққа қарай ұйытқи жөнелді, құдды аламан бәйгеде жарысқандай. Батыра әлгіні ести сала басын бұрып иығының үстінен артына қарап, орманға шаба жөнелді, тынығып, су ішіп алған жылқысы ширақ әрі жылдам шапты, қарсыластарына қарағанда әлдеқайда жылдам. Батыра жылқысын қамшылап алдыға ұмтыла салысымен, кеудесіндегі сәби шырылдап жылады.
– Саған тыныштық бермедім-ау, оның үстіне қарның әбден ашқан болар, тек су не болар дейсің, шыдай тұр, балақай, мен саған мыналардан қашып құтылғаннан кейін, бірдеңе тауып берермін, – деді. Оның соңынан мыңдаған тұяқ қуды, Дат сарбаздарына:
– Барлығың бірден қумаңдар, екіге бөлініп, жартың осында қалып жылқыларыңды суарыңдар! Әйтпесе біз ұзаққа бармаймыз… – деп ол бұйрық берді, оның сарбаздарының жартысы қалып, қалған бөлігі Батыраның ізіне түсті.
Олар Батырадан қалып бара жатқандарын түсінгенімен, тоқтап шөл қысқан жылқыларын суаруға асыққан жоқ, керісінше оларды қамшылай түсті, сайға түсіп өзен суын кешіп өте, дөңге көтеріліп, жазық далаға шықты. Жылқылар су ішпегендіктен, олар баяу қозғалды – құдды әлдері құрығандай.
Арадана аз уақыт өтіп, Батыра олардан біраз алыстап кетті, оның алдында тек жазық дала, ал даланың соңында үлкен ағаштың діңі көрінді.
– Қарғыс атқыр! Оны тағыда көзден таса қылып алдық, мыналар әбден шөлдеген, бәрібір біз оған мына жылқылармен жетуіміз екі талай, – деп Дат шабысын бәсеңдетті.
Сарбаздар тоқтап, артқа бұрылды, бірер сәттен кейін жылқыларды суарып келген сарбаздардың тобымен кезігіп, Дат бір сарбаздың жылқысын алды.
Батыра алты сағат бойы тоқтаусыз жорғақтады, осы уақыт бойы ол артына жалтақтай қайта-қайта қарап, қуғыншылардың