Сарман алты таңба кітабы. Алпамыс Аскарович Сырманов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Алпамыс Аскарович Сырманов
Издательство: ЛитРес: Самиздат
Серия:
Жанр произведения: Героическая фантастика
Год издания: 2019
isbn:
Скачать книгу
жауынгерлермен бір сапта тұрып шайқасқан мен үшін үлкен мәртебе, – деді ол жанындағы сарбаздарына:

      – Мен үшін сен сияқты батыр жауынгермен бір сапта өлу мәртебе! – деді Әли.

      – Алға! – деп олар айқайлап, Датқа қарай қылыштарын сермеп жүгіргені сол еді, жан-жақтан атылған садақ оқтары оларды күтіп алды, Ерұлан иығынан, сан тұсынан және оң жақ қабырғасынан жарақат алып жерге отырды, Әли мен басқа сарбаздар жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Ерұлан денесіне қадалған садақ оқтарын сыдырып орнынан тұрды, алдында тұрған сарбаздар оны қайта атпаққа оқталды, бірақ Дат оларға садақтарын түсіруді бұйырып, Ерұланға қарай ақырын жүрді.

      Ерұлан әрбір сәттен есін жоғалтты; дем алуы барған сайын қиындап, көзі қарауытты, оған Даттың келе жатқаны бұлдырлаған көлеңке болып қана көрінді, шамасы қалмаған соң қолындағы семсерін жерге тіреп, тізерлеп отырды. Ерұлан көрген түсі енді өңінде қайталанды: айналасында сарбаздардың жансыз денелері, ал қарсы алдында оны қоршаған жүздеген қарсыласы бұлыңғыр көлеңке болып көрінді.

      Оның жанына Дат келіп тура алдына отырып, жарақаттанған қолын Ерұланның желкесіне қойып:

      – Мен саған айттым ғой барлығы дұрыс кезде тоқта деп, ал енді міне, сенде ештеңе қалмады, сен барлығынан айырылдың, тіпті өзіңнің өміріңнен де! Сенің шаруаңды тындырғаннан кейін мен сенің балаңның соңынан барып, оны қолға түсіремін, ал бұл нені білідіреді – бұл сенің істеген барлық іс-әрекетің босқа кетті деген сөз: отбасыңнан, абыройыңнан және бар байлығыңнан айрылдың, – деді де, белбауында тұрған кішкентай қанжарын алып, оны Ерұланның кеудесіне сұғып алды.

      – Ыыы, – деген ыңырсыған дауысы шығып, ол тырмыса Даттың қолынан ұстап, оның құлағына жақындады, – сенің қолыңнан ештеңе келмейді… айналаңа қара… біз сендерді ақылмен жеңдік, сен ешқашан менің баламды қолға түсірмейсің, ешқашан… – деп қан тамшылары аққан қолы төмен салбырап түсті де, оның басы Даттың иығына құлады. Осылайша Ерұлан қаза тапты.

      Дат оның жансыз денесін алдыға итеріп құлатты: ол Ерұланның жүзіне қараған кезде, оның күлімдеп қаза тапқанын көрді, бұл көріністі көріп, Дат жеңе тұрса да, өзін жеңіліс тапқан адам сияқты сезінді, айналасына қараған сәтте, қарсыластарына қарағанда алты есе көп шығын болғанын түсінді. Ол жерге отырып, кішкене алқымын басты.

      – Енді біз баланы қайтару керекпіз, оның қайда кеткенін кім біледі? – деді ол, сол сәтте қақпа үстінен:

      – Шайқас барысында біреу Батыс орманға қарай қашты, – деді жауынгер.

      – Батыс орман! – деп Дат қайталады, – сенімдісің бе?

      – Иә!

      – Оны біз орманға кірмей жатып қолға түсіруіміз керек, егер онда кіретін болса, баланы тірілей алуымыз екі талай, – деп Дат орнынан тұрып, қолындағы қан болған пышақты, жанындағы сарбаздың үстіне сүртті де, қынабына қайта салды.

      – Маған мінерге жылқы алып келіңдер! – деп бұйрық берді, сол сәтте алдындағы сарбаз жылқысынан атып түсті де, Датқа ұсынды.