Сарман алты таңба кітабы. Алпамыс Аскарович Сырманов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Алпамыс Аскарович Сырманов
Издательство: ЛитРес: Самиздат
Серия:
Жанр произведения: Героическая фантастика
Год издания: 2019
isbn:
Скачать книгу
сол еді, әлгі бұқа шыққан жерден адам бойынан екі есе үлкен, үстін өте жұқа сарғылт түсті түк басқан, жағының астын қалың домалақ сүйек бойлаған, ал иегінде кішкентай екі мүйізі бар, адамға ұқсас тіршілік иесі атып шықты, ол тура Ерұлан айтқандай – адамға ұқсас, бірақ өте үлкен. Оның етті әрі шымыр денесінде ешқандай киім болған жоқ, ал бұтына, қоңыр түсті матадан тігілген шалбар, аяғындағы аяқ киімі теріден жасалған, қолында үлкен жүзі кедір-бұдыр қылышынан қан төмен тамшылай ақты. Дәу мен Батыра бір сәт бір-біріне қарады. Дәл осы сәт Батыраның өміріндегі ең ұзақ сәттей көрінді. Өне бойынан тарақан жүріп өткендей: «Біткен жерім осы шығар» деп жұтынып, іштей сөйледі. Әлгі дәу бірден семсерін көтеріп Батыраға атыла жөнелді. Батыра бір шетке өзін лақтырды, дәу Батыраның жанынан семсерін сермей өтті. Батыра жылдам қылышын екі қолдай қысып дәуге бет бұрды, сол сәтте дәу оның оң жақ тұсынан соққы жасады, Батыра еңкейе қылышты өткізді де, дәудің сол аяғын тіліп өтті. Оның бұл іс-әрекеті пайдаға асқан жоқ, керісінше әлгі дәу қатты ызалана семсерімен Батыраны қуалай түсті.

      Батыра ары-бері қашқаннан басқа ештеңеге шамасы келмеді, бірнеше рет дәудің аяғын көздеп соққы жасады, бірақ онысынан түк шыққан жоқ. Батыра оның қимылының бәсеңдегенін пайдаланып, оның оң жақ сан тұсына семсерін жартысына дейін сұғып алды. Алған жарақатынан дәу жанұшыра айқайлады, оның дауысы адамдікіне ұқсас, бірақ әлдеқайда қатты. Айқайдың қатты болғандығы соншалықты, оның дауысы орман ішіне кірген Дат пен оның сарбаздарының құлағынан мүлт кеткен жоқ. Дауысты ести сала олар сап тоқтады, барлығы назарын дауыс шыққан бағытқа аударды.

      – Біздің қашқын бір қиындыққа тап болған сияқты, – деді Дат, – кәне жігіттер, мына дауысқа қарай барайық, – деп ат басын сонда бұрды.

      Дәудің аяғына қылышын сұққан соң, Батыра семсерін ұстаған күйі дәуге көз алмай қарап, ары қарай не істерін білмей тұрып қалды. Оның сасқалақтағанын пайдаланған дәу семсерінің бір серпімімен Батыраның оң қолын білегінен шауып түсірді. Батыра айқайлай, қолын ұстап, жерге отырды. Дәу аяғындағы семсерді суырмай, бірден Батыраға атылды, алып қылышын аспанға көтере, соққы жасамақ болғаны сол, олардың айқайлаған дауыстарынан бала оянып, шырылдап жылады. Дәу баланың дауысын ести сала орнында тоқтап, иығының төбесінен ағаш түбінде жылаған балаға қарады, сосын қылышын ақырын түсіріп, ол бұрыла кішкене кірдіріп, сәбидің жылағанына құлақ түре оған беттеді. Бала жыбырлап, ораулы тұрған матасын шешіп, шөп арасында жатты, оның арқасындағы таңбасы дәуге анық көрінді. «Ыңғайлы сәт осы шығар» деп Батыра Ерұланның пышағын қолына алып дәуге атылды…

      – Мына баланы қайдан алдың? – деген дәудің сұрағын ести, ол тоқтап, пышақты жерге тастады да, шабылған қолын ұстай жерге отырды. Дәу Батыраға бұрылып, өзінің сұрағын қайта қойды. – Баланы қайдан алдың деймін? – деп дауысын көтере сөйледі. Батыра не дерін білмей, отырған орнынан еш қозғалған жоқ, тіпті ауырсынған қолын да ұмытып кетті, құдды аузына құм құйып алғандай. – Ей, сен саңыраусың ба? – деді дәу.

      –