Сарман алты таңба кітабы. Алпамыс Аскарович Сырманов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Алпамыс Аскарович Сырманов
Издательство: ЛитРес: Самиздат
Серия:
Жанр произведения: Героическая фантастика
Год издания: 2019
isbn:
Скачать книгу
туғызды, терлеп, тері қатып, дала жылы болса да, соққан жел оны жауратты.

      «Неге? Неге ханға бұл балалар керек? Неге барлығы осыларға қол жеткізгісі келеді?» деп іштей ойлады. Ол сәбидің жүзінде қатқан қанды, су тамшылатып сүртті, сосын оны жерге жатқызып, матасынан ақырын шешті де, сәбиді бір қапталына жақызып, арқасында сол жақ жауырынында орналасқан таңбаға қарады. Жасыл түсті таңба баланың жауырынын толықтай алды. Басы сопақтау келген, сояудай тістері жартылай ашылған аузынан шыққан, айдаһарға ұқсас жануар бейнеленді. Батыра оны сипап:

      – Бұл нені білдіреді екен? – деп өз алдына сөйлеп, кітап пен мүйізді бас сүйекті алып, екеуін алында қойып, олардан көз алмай қарады.

      Батыра бас сүйекке қараған сайын, оның үңірейген көздері құдды зұлым күш пен үрей таратып тұрғандай. Ол кітапты қолына алып, оның сыртына көз жүгіртті, сыртында алты таңба – алты түрлі жануардың бейнелері екі қатар болып бейнеленді. Батыра олардың бірін де бұрын-соңды көрген емес, ал ең соңғы орналасқан таңба сәбидің арқасындағыдан еш айырмашылығы жоқ, сонымен қатар кітаптың ең төбесінде, таңбалардың үстінде Батыраға бейтаныс тілде жазылған үш сөз тұрды, ол мүлде сөздерді түсінген жоқ, тіпті алғаш көруі.

      Батыра бос кітапты ары-бері бірнеше рет ақтарып шықты, бірақ ішінде ештеңе жоқ, тек ақшыл сары парақтардан тұратын қалың кітап, сосын ол заттардың барлығын жинап, қоржынға қайта салды.

      Баланың таңбасына кішкене көз тіге, оны матаға қайта орап, кеудесіне байлап алды. Оның бойын бұрыңғыдай қорқыныш билеген жоқ, қазір ол тынышталып, болған жайтпен келіскендей. Аспан ашық, тек бірнеше мақтаға ұқсас бұлттар қалқып жүрді, анда-санда олардың көлеңкесі Батыраға түсті.

      – Бізге артқа шегінуге жол жоқ, біз сор батпаққа белшемізден батқан сияқтымыз, ал одан шығуға көмектесетін қазір ешкім табылмас, өзімізді-өзіміз құтқаруға тура келеді, – деп ұйқыдағы сәбиге сөйлеп, орнынан тұра жылқысына жайғасып, артына бір көз тастап, жолды жалғастырды.

***

      Бұл уақытта қаладан Дат пен әскерлері оны өкшелей келе жатты.

      –  Жан-жаққа шашырып жүріңдер, сонда оны байқау оңайға түседі, егер көретін болсаңдар, бірден дабыл беріңдер, – деп Дат айқайлады. Қала ішіндегі шайқас Датқа көп шығын болды, ол сарбаздарының жартысынан айырылып, мыңға жуық жауынгері қалды. Олар бірнеше шақырымға жайыла орманға қарай беттеді.

      Күн тас төбеден ауды, Батыра атты тез шаршамас үшін бұрынғыдай қатты шапқан жоқ. Ал енді «Ерұлан мен басқаларына не болды? Олар тірі ме? Өлі ме? Әлде тұтқынға түсті ма екен?» деген сұрақтар оның санасын торуылдады. Алдыға жүрген сайын, тек төбесі ғана көрінген алып ағаштың, енді көкжиектен жан-жаққа созылған бұтақтары да байқалды, ал артында қалған алып тау ақырындап кішірейе берді.

      Батыра кеш батып, түн ортасына дейін тоқтаусыз жол жүрді, ал сәби жол бойы бір жылап, бір ұйқыға кетіп, кейде тыпыршумен болды. Батыраның бойын ұйқы басып, жорғалай шапқан ат үстінде ол қисаңдай маужырап, жүген мен үзеңгінің қоңыраулы үніне мән бермей, кейде