Сарман алты таңба кітабы. Алпамыс Аскарович Сырманов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Алпамыс Аскарович Сырманов
Издательство: ЛитРес: Самиздат
Серия:
Жанр произведения: Героическая фантастика
Год издания: 2019
isbn:
Скачать книгу
астан-кестең ете алады, сондықтан қорықпай менімен жүр және бұл менің бір айлам, – деді, оның жүзінде ешқандай қорқыныш болған жоқ, бұқаны сүйрей орманның батысына – алып ағашқа беттеді.

      – Сонымен, сен кімсің? – деді Батыра.

      – Атымды білесің, ал менің нәсілім – табурат.

      – Сендер жайлы мен мүлде білмеймін.

      – Әрине, білмейсің, себебі сендердің хандарың осы жолда үлкен еңбек атқарды, ол мың жыл бұрын біздің мемлекетті толықтай басып алды, тек біздікін ғана емес… – деп Батыраға қарап кішкене кідірді, – содан бері біз осы орманда тығылып өмір сүреміз. Ол адамдардың біз жайлы білгенін қаламайды, тарихта біз туралы барлық жазбалардың көзін құртып, адамдардың санасын өзгертіп, тарихты өз ыңғайына қарай өзгертіп алған.

      – Оның бәрін не үшін істеген және оған бала не үшін керек?

      – Ал енді саған бәрін айтып берейін, – деді де, иығындағы арқанды ыңғайлады. – Саған бұл ерсі естілуі мүмкін, дегенмен ежелгі аңызда осылай айтылған. Бұл оқиғаның қанша уақыт бұрын болғанын ешкім білмейді, тіпті жылмен санауға да келмейді.

      Алғашында біздің жер жай ғана тіршілігі жоқ мекен болған, сосын жер ғарышта алып таспен соғысып, олар бірігеді, соның нәтижесінде қазіргі біздің ғаламшар пайда болды, жерге соқтығысқан әлгі тастан су бөлініп, сол су жерге алғашқы тіршілікті сыйлайды. Оны Өмір бұлағы деп атайды.

      Өмір бұлағы жердің терең түбінен шығып, одан бөлінген судың әрбір тамшысы осы әлемге тарап, оны тіршілікпен нәрлендіреді, осылайша алғашқы тіршілік қалыптасты.

      Жерде тіршілік пайда болғаннан кейін, ұзақ уақыт өте жер бетінде адамдар, мардалар және табураттар пайда болды.

      – Мардалар… – деп Батыра Құланды бөліп жіберді, «онда бұл Бабадүрдің кітабында жазылған дүниенің бәрі рас деген сөз» деп ол іштей ойлады.

      – Иә, мардалар, егер сұрағың болса соңынан қоясың, қазір маған кедергі жасама, – деп екеуі ағаштардың арасымен кете берді. Батыра қоржынындағы мардалықтың бас сүйегін оған көрсеткісі келді, бірақ Құланның айтқан сөзінен кейін күте тұруды шешті. Кішкене кідіргеннен кейін, Құлан ары қарай өзінің әңгімесін жалғастырды:

      – Мыңдаған жылдар бойы олардың ешқайсысы өмір бұлағы жайлы білген емес, білмей-ақ қойса да дұрыс болушы еді. Бірақ ешқандай құпия мәңгі жасырылмайды.

      Бір күні аспаннан жерге белгісіз тіршілік иесі құлаған. Әлгі адамға ұқсас белгісіз тіршілік иесі, ғарыштан жаралы күйде жерге келген, оны алғаш адамдар тауып алады, оның жарақаты ауыр болғандықтан, адамдар оны емдей алмайды, сосын өзгеғаламшарлық адамардан оны бір жерге алып баруын сұрайды, ал адамдар оның айтқанын істейді. Сөйтіп адамдар әлгі тіршілік иесін, оның айтуы бойынша, Батыс орман сияқты орманға алып барады, сол жерде адамдар алғаш өмір бұлағын көрді, өзгеғаламшарлық бұлақтың суын іше, сап-сау күйіне қайта келген, мұны адамдар көріп, олар да ішкісі келеді, бірақ өзгеғаламшарлық адамдарға бұлақ суын ішуге болмайтынын айтады, егер ішетін болса, онда бұл әлемнің өлуіне әкеліп соқтырады деген. Ал адамдар одан бұлақтан не үшін су ішкенін сұраған кезде, ол: «Бұл ғаламда сендерден басқа