– Көбірек ал, – деді Құлан. Батыра торсықтан көбірек алып қолына жақты, жаққан сәтте оның қолының ауырсынғаны қойып, рахат сезімге бөленді.
– Ал енді тездетіп шабылған қолыңды ал да, орнына қайта қой. Батыра оның айтқанына түсінбей, оған біртүрлі көз тастады, оның жүзінде «есің дұрыс па?» деп айтқысы келгендей. – Қолыңды ал да, орнына қой, болсаңшы, аяғым ауырып барады, – деді Құлан.
Батыра жерден шабылған қолын іздеп тауып, оны орнына қойған сәтте, қолы орнына қайта бітеліп, еш нәрсе болмағандай жазылып кетті. Болған жайтқа сене алмай, қолын жұмып-ашты.
– Табураттарға қарағанда, адамдарға тезірек әсер етеді екен, – деді де, – майды маған бергеннен кейін қолыңа қанша қараймын десең де өзің білесің, – деп ол баланы бір қолымен ұстап, екіншісін Батыраға созды.
– Бұл не? – деп Батыра торсықты қайта Құланға берді.
– Құйғыл – бұл үлкен емдік қасиетке ие, – деп Батыраға жақындай, Батыра артқа шегінді
– Қорықпа, мен саған ештеңе істемеймін, – деп баланы оған қайта ұсынды.
– Әрине, жаңа ғана басымды шауып алуға бірнеше рет талпынбағаныңды есептемегенде, – деп баланы қолына алды.
Құлан торсықтан майды алып, жарақатына жақты, оның да жарақаты әп-сәтте бітелді.
– Ал енді, әңгімені ары қарай жалғастыруға болады, – деп Құлан торсығын белбауына ілді. – Сонымен сен баланы кімнен алып қашып бара жатқаның маған белгілі, бірақ неге сен Батыс орманға келдің? Маған сол қызық болып тұр, мұнда қауіпті екенін біле тұра, – деді ол Батыраға мұқият қарай.
– Менде басқа таңдау болған жоқ, себебі бізді жан-жақтан сарбаздар қоршады, ал жазық даланың кез келген жерінде мені қолға түсіру оңай, сондықтан орманға қашқаннан басқа амал қалған жоқ. Айтпақшы, менің соңымнан, орманға қарай мыңға жуық атты сарбаз келе жатыр, оларды ұмытпаған жөн, ал сен баланы кімнен алып қашып бара жатқанымды қайдан білесің? – деді Батыра Құланға күдікті көзқарасын тастай.
– Мұндай балалар тек ханға керек, себебі ханды тоқтата алатын, оның ажалсыз сарбаздарына қарсы шыға алатын тек осы балалар.
– Ажалсыз сарбаздар? Оны не үшін тоқтату қажет және баланың арқасындағы таңба нені білдіреді?
– Мен саған барлығын жол-жөнекей айтып беремін, егер сен менімен жүремін десең, сен қайда беттеп барасың?
– Жент қаласына.
– Жент қаласына, – деп ол қайталады, – онда саған жету үшін кем дегенде екі күн уақыт кетеді, ал сен сол екі күнді мына орманның ішінде аман-есен өткізе аламын деп ойлайсың ба? – деді ол бір көзін сығырайта.
– Жолым болса – иә, – деп жауап қатты Батыра.
– Сенің жолың болатыныңа менің күмәнім бар, қазір саған орман тыныш және қауіпсіз көрініп тұрған болар, бірақ түнде орман ішінде тіпті бізге тірі қалу оңайға соқпайды, сол үшін сен менің қонысыма жүр, ол жер қауіпсіз және балаға да сүт табылады, сен Бұлақтыдан мұнда кем дегенде бір жарым күнде