Ол таң атқанға дейін кезекті кітапты қарады, қорап пен бас сүйек әдеттегідей үстел үстінде жатты. Ерұланның дұрыс ұйықтамағанына жиырма шақты күн болса да, ол өзінен шаршау сезінген жоқ. Бүкірейіп отырғаннан белі ауырған соң, кітапты шетке қойып, орнынан тұра керілді, кенеттен қораптағы руналары ақшыл жасыл түсті сәуле шашып, сәуле біртіндеп үлкейе бастады, кішкенеден кейін қорапты толықтай ашық жасыл түс көмкерді, не болғанын түсінбеген Ерұлан бірнеше қадам артқа шегінді. Сол сәтте есікке біреу асыға келіп, оны қатты соқты.
– Мырза! Мырза! Осындасыз ба? – деген қызметшінің жан ұшырған айқайы естілді.
– Иә-иә, қазір, – деп сасқалақтағанынан не істерін білмей, үстіндегі киімін шешіп, оны қорапқа жапты да, есікке қарай жүгірді.
– Не болып қалды? – деді ол есікті аша.
– Сұлу ханым… Сұлу ханым… – деп қызметші ентіге сөйлейді, арғы жақтан Сұлудың айқайлаған дауысы естілді.
– Сұлуға не болды? – деп, ол Сұлуға қарай жүгіре кетті.
– Ол… босанып жатыр… – деп қызметші Ерұланның соңынан айқайлады.
Ерұлан Сұлу жатқан бөлмеге жүгіріп, бөлменің жанына жақындаған сайын, Сұлудың шыңғырған дауысы қатты естіле түсті. Есікті ашып ішке кірмек болғаны сол еді, ішінен дәрігер оны сыртқа итеріп шығарып:
– Сіз сыртта күтіңіз, қалғаны біздің жұмысымыз, – деп есікті Ерұланның алдында тарс жапты.
Ерұлан сыртта, іштен шыққан Сұлудың айқайын естіп, өзін қоярға жер таппай, ары-бері жылдам жүріп, баспалдақпен ақырын сарайдың ауласына түсті. Ол қобалжығаны соншалықты, қораптың жарқырағанын да ұмытып кетті. Қарсы алдында тұрған тауға қарады. Жаңадан атып келе жатқан таңның нұры, қып-қызыл бола таудың төбесінен шашылды. Жүзіне соққан салқын таза ауамен терең тыныс алып, өзінің қобалжуын басуға тырысты. «Барлығы дұрыс болады, барлығы дұрыс болады» деп іштей өзіне қайталаумен болды. Осы сәтте оған баланың шыр етіп жылаған үні естілді.
Ерұланның басқан әрбір қадамы гүрсілдей естіліп, асыға баспалдақпен көтеріліп, Сұлу жатқан бөлменің алдына келе, тойқтай қалды да, есікке ақырын қолын созды. Есікті ақырындап ашып, ішке сығалай қарады, іштегі шырылдаған баланы дәргердің матаға орап, сүртіп жатқанын көріп, бөлмеге аяқ басты, ал Сұлу есінен танып жатты.
– Сұлуға не болды? – деді ол ішке аяқ баса.
– Оны мен тыныштандырдым, – деп дәрігер суық дауыспен сөйледі. Ерұлан үнсіз баласын ұстаған дәрігерге жақындап:
– Баламды көрсем бола ма? – деп дәрігердің қолындағы балаға үңіле қарады. Дәрігер баланы кеудесіне қарай жасырып, оны Ерұланға көрсеткісі келген жоқ. – Баламды көрсем бола ма? Ұл ма, әлде қыз ба?
– Міне , балаңмен болатын осы бір сәтті пайдалынып, оның иісін иіскеп құшақтап ал, – деп ол баланы Ерұлаға ұсынды.
Ал Ерұлан дәрігерге түсінбестікпен қарап:
– Бұл