Сарман алты таңба кітабы. Алпамыс Аскарович Сырманов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Алпамыс Аскарович Сырманов
Издательство: ЛитРес: Самиздат
Серия:
Жанр произведения: Героическая фантастика
Год издания: 2019
isbn:
Скачать книгу
деген кезде Ерұланның жүзі өзгеріп кетті, – сен берген жолсызбамен жүре бере, біз аласа таулардың арасына келдік. Тау арасынан сен айтқандай мұнараны таптық, – деген сөздер оның аузынан шығып еді, Ерұлан Жақыптың айтқанына асқан мұқияттықпен тыңдай бастады.

      – Мұнара – үлкен ақ түсті кірпіштермен қаланған, ал биіктігі екі қабат үймен бірдей, төбесі қираған, бірақ айналасында ешқандай қиранды болған жоқ, ерте уақытта салынғаны анық, үстіне шығып төмен қараған сәтте оның төмен қарай тереңірек созылып, басым бөлігі жер астында жатқанын түсіндік.

      Екеулеп төмен түсіп мұнараның ішін қарадық – басында ешқандай күдікті зат байқалған жоқ, алдымызда ұзына бойы созылып, қаратүнекке оранған дәліз жатты, сұр түсті шаң басқан қабырғаларында бейтаныс руналар бейнеленген, ондайды біз бұрын-соңды көрмегенбіз, ал ары қарай жүре берген кезде… адамның қаңқасын таптық…

      – Адамның қаңқасы? – деп оны Ерұлан бөліп жіберді. – Бірақ бұл мүмкін емес қой, қалайша? – деді ол таңырқай.

      – Ол жағын мен білмедім, бірақ онда бір емес, ондаған адамның қаңқасы болды және олар бүтін болған жоқ, құдды бір алып хайуанмен шайқасқан сияқты жан-жаққа шашылған, бас сүйектері мен сүйектері сынған, майдаланып кеткен десек те болады. Әлгіні көргеннен кейін бойымызды үрей басты, «артқа қайтамыз ба» деген ой келді, бірақ біздің қызыққұмарлығымыз, қорқынышымыздан күштірек болып, соңына дейін жүруге бел байладық. Жол бойы одан біздің көргеніміз қаңқалар болды, ал соңына жеткенде не тапқанымыз сенің он ұйықтасаң түсіңе кірмейді, – деді Жақып .

      – Не таптыңдар? – деді ол тағатсыздана.

      – Соңында біз мұнараның қираған бөлігіне келдік, ары қарай жол жабық болды – үйінділермен бекітілген, менің ойымша біз мұнараның тек бір бөлігін ғана қарап шықтық. Сол жерден ғана біз бүтін қаңқаны таптық, бірақ оның адамдікі екеніне менің күмәнім бар, – деді де, Жақып Нұрланға қарады, Нұрлан оған басын изеп, қоржынның ішінен екі мүйізі шошайған, үлкен бас сүйекті алып Ерұланның алдына қойды, әлгіні көрген Ерұлан кішкене артқа қарай шалқайып:

      – Бұл не? – деп сұрады үрейлене.

      – Көріп тұрған жоқсың ба – бас сүйек! Жағымсыз иісіне мән берме, біз қалаға кірер кезде қақпадағы сарбаздар тексермес үшін, кәріс құбыры арқылы кіруге тура келді, – деді Нұрлан.

      – Бас сүйек екенін білемін ғой, бірақ кімдікі?

      – Ол жағын біз де білмейміз, одан бөлек оның жанында мына заттар жатты, – деп Нұрлан қоржынның ішінен: төрт бұрышты сұр түсті қорап, бойтұмар мен жартылай сынған қанжарды алып, Ерұланның алдына тізіп қойды.

      Сұр түсті қораптың сыртында түсініксіз руналар болды. Ерұланды қызықтырған да сол, себебі руналар оған таныс көрінді. Оларды бұрын бір жерде көргеніне сенімді, алайда қайдан екенін есіне түсіре алмады. Нұрлан әлгі сұр қорапқа қолын тигізген жоқ, ол қорапты асқан мұқияттылықпен ұстады, құдды қорап өте нәзік зат болғандай, Нұрлан қолындағы қоржынын шетке қойған кезде Ерұлан:

      – Ал мынау не? – деп ол қорапты ұстай бергені сол еді, Нұрлан