Сарман алты таңба кітабы. Алпамыс Аскарович Сырманов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Алпамыс Аскарович Сырманов
Издательство: ЛитРес: Самиздат
Серия:
Жанр произведения: Героическая фантастика
Год издания: 2019
isbn:
Скачать книгу
ма? Мен соның кітабынан сендерге берген жолсызбаны алдым, кітапта Тұманды аймағында бұрын Марда атты мемлекет болғандығы жөнінде жазылған… Бабадүр оларға кітабында нақты сипаттама бермеген, мүмкін мынау солардың бірі шығар және хан сарбаздарының онда бірдеңені іздеп жүргені жөнінде жазған, – деді Ерұлан.

      – Ол қазір тірі ме? – деп сұрады Нұрлан.

      – Жоқ, сендерді Тұмандыға жібермес бұрын, мен онымен кездесуге тырысқанмын, бірақ оның аяқ асты қайтыс болғанын естідім, ал оның отбасысы көшіп кеткен, қайда екенін ешкім білмейді; тіпті жақындары мен достары да, ал оның кітаптары мүлде жоғалып кетті.

      Міне, осыдан кейін сендерді Тұмандыға жібердім… Ал енді бізде барлығы бар, Бабадүрдің кітабында шындық жазылғаны анық, сонымен қатар ол «Марда мемлекетінің жоғалып, Тұмандыда тіршіліктің жойылуы – ол адамдардың кесірі», – деп жазған, анығырақ айтқанда, бір топ адамның және оны ол хан мен билеушілердің кінәсі дегенге келтірген, бірақ оларды Бабадүр ашық кінәламаған. Менің күдігім расталып келе жатқан сияқты.

      – Иә, оның аяқасты қайтыс болуының өзі мұнда бір шикіліктің бар екенін білдіреді. Сонымен қатар әлгі мұнараның ішінде адамдардың қалдықтарының табылуы – бұрын адамдар мен олардың арасында соғыс болғандығына сілтейді… Біздің хан шынында Мардалардың жойылуына кінәлі сияқты… Және біз саған басты жаңалықтың бірін айтқан жоқпыз, Бабадүр кітабында жазғандай, онда біздің сарбаздар бірдеңені іздеп жүр, – деді Жақып.

      – Сендер Тұмандыда сарбаздарды көрдіңдер ме? – деді ол таңырқай.

      – Иә және онда тобырымен кезікті. Оларды тек хандыққа оралар жолда жолықтырдық, олардың көзіне түсіп қалмау бізге қиынға соқты, және біздің сарбаздардың Тұмандыда жүргеніне өте ұзақ уақыт болған сияқты, тіпті бірнеше ұрпақ бой жалғасқан десек те болады, оған дәлел мына сынық қанжар, – деді де, Нұрлан қолына қанжарды алды, – мұнараның ішінде көптеген қару болды, бірақ олардың онда ұзақ жатқандығы соншалықты, тот басып, орнынан қозғасаң күл сияқты жан-жаққа шашылады, тек мына қанжар ғана жақсы сақталған, енді қара, – деп ол Ерұланға жақындады, – Мына таңбаны көріп тұрсың ба? – деп оған қанжардың түп жағында ұстағышқа жақын орналасқан бөлігін көрсетіп, – анықтап қарасаң, жемтігіне атылған бүркіттің бейнесін байқауға болады, не деп ойласың? – деді. Ерұлан кішкене ойланып:

      – Бұл – Саһтир. Мың жыл бұрын біздің сарбаздар, осы таңбаның астында жүрген, бірақ нақты қашан екенін білмеймін, бұл таңбаның орнына басқа таңба – Арыстан бейнеленген таңбамен ауыстырылған.

      – Өзің тарихты жақсы біледі екенсің. Бұл мұнарадағы қаңқалардың біздің сарбаздарға тиесілі екеніне, сонымен қатар ұзақ уақыт бұрын адамдар мен мардалықтар арасында соғыс болып, мардалықтардың жойылып кетуі, адамдардың ісі дегенге дәлел, бірақ неге? Неге хан оларды жойып, ол туралы жасырып қалған?

      Егер олар адамдарға қауіп төндірсе, онда ашық айтуға болатын еді; неге бұл жайлы ешқандай кітапта жазылмаған? Немесе ешқандай адам білмейді, менің ойымша, біз білетін тарих тек өтірік пен жалғаннан тұратын сияқты. Тарын хан мен билеушілер