Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1635-2
Скачать книгу
әрі оны ыстап отырған. Қымыз сақтауға арналған ең үлкен тері ыдыс саба деп аталады. Қымызды салт атпен алып жүру үшін қолайлы ыдыс ешкінің тұтас сойылып алынған терісінен жасалған және оны мес деп атаған. Қазақ халқының тұрмысында ыдыс-аяқтардың ағаштан жасалған түрлері де көп. Мысалы, қайың ағашынан жасалынған үлкен тегенелер, қатты ағаштан немесе қайыңның безінен жасалынған шаралар, аяқтар, тостағандар, қымыз құятын ожаулар, үлкен ағаш астаулар, ет тартуға арналған көлемді ағаш табақтар жасалынған. Металл ыдыстар ішінен қазақ халқы өмірінде ең көп таралғаны және ең қажеттісі көлемі әр түрлі шойын қазандарды атап айтуға болады. Ең үлкен қазандар «тай қазан» деп аталады. Қазан үш аяқты темір тұғыр не ошаққа қойылды.

      Тұрғын үй түрлері:

      – киіз үй;

      – шымнан, балшықтан, тастан салынған жылы үй.

      Жазғы үй түрлері:

      – киіз үй;

      – арба үстіне орнатылған жылжымалы үй-күйме.

      Қазақтардың көшу кезінде алып жүруге қолайлы тұрғын үйлерінің негізгі түрі – киіз үй. Киіз үйдің ағаш сүйегі 3 бөліктен тұрады: кереге, уық, шаңырақ.

      Киіз үйдің құрылымы:

      Шаңырақ – төбесі.

      Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын сүйегі.

      Кереге – қабырғалары.

      Сықырлауық – есігі.

      Үйді жауып тұратын киіздер – түндік, үзік, туырлық:

      – түндік – шаңырақты жабатын киіз;

      – үзік – уықтарды жабатын киіз;

      – туырлық – керегелерге жабылатын киіз.

      Киіз үйдің бауы – басқұр негізгі бекіту, біріктіріп байлау қызметін атқарады.

      Киіз үйдің негізгі қаңқасын киіз үйдің сүйегі деп атайды.

      Керегелер санына қарай киіз үйлер 6, 8, 12, 15, 18 қанатты болып бөлінеді.

      Киіз үйдегі ең құрметті орын – төр. Есік маңайы – босаға. Киіз үйдің оң қанаты әйелдер бөлігі саналып, төсек-орын, бесік, үй аспаптары, ыдысаяқтар орналастырылады. Сол қанаты ерлер бөлігі саналып, ер-тұрмандар, қару-жарақтар тұрады. Үйдің дәл ортасындағы от жағатын орын – ошақ.

      Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін аса құрметті хан, би сұлтандар отыратын үй.

      Алтын орда – 30 қанаттан тұратын, ханның мәжіліс ордасы.

      Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.

      Ақ шаңқан – 18 қанаттан және 12 қанаттан тұратын елбасылар, бай, билер тұратын киіз үйлер.

      Ақ ала орда – сегіз қанатты, дәулетті бай үйі.

      Ақ үй – 6 қанатты дәулетті адамдар үйі.

      Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты орташалар тұратын киіз үй.

      Қараша үй – кедей үйі.

      Отау – жас жұбайлар үйі.

      Ресей империясының қазақ жеріндегі саяси-әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық үстемдігін нығайту саясатының ықпалына қарамастан XIX ғасырда қазақтардың материалдық мәдениетінде көшпенді және жартылай көшпенді тұрмыс-салтына байланысты дәстүрлі ерекшеліктер сақталып қалды.

      Бақылау