Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1635-2
Скачать книгу
рді қамтиды.

      Оқулықтың үшінші кітабы «Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында» деп аталады.

      Курстың мақсаты: Қазақ елінің Ресейге отар болу себептері мен алғышарттарын және қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрестер тарихын, олардың тарихи маңыздарын жанжақты оқыту. Ресей империясының қазақ жерін отарлау жүйесінің әкімшілік механизмін және оның мәнін ашу.

      Коммунистік кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасуының алғышарттарын, себептерін, Қазақстанда орнығуын, күйзелісін жан-жақты оқыту және Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуінің субъективті, объективті себептерін студенттердің дұрыс түсінулеріне қол жеткізу. Студенттерді тәуелсіз қазақ елінің қалыптасуының, орнығуы мен өркендеуінің тарихи маңызын дұрыс қабылдауларына, бұл ұлы істегі елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың маңызды тарихи рөлін бағалай білуге үйрету және баулу.

      Оқытылатын курстың міндеттері:

      – Қазақ елінің отар елге айналуының алғышарттарын анықтау;

      – ХVIII және ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалыстарға өркениеттік ұстаным негізінде жаңа көзқарастарды қалыптастыру;

      – аталмыш кезеңдегі қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарының және мәдени жетістіктерінің маңызын ашу;

      – XX ғасыр басында Ресейде большевизмнің саяси ағым ретінде қалыптасуының себептерін, теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау;

      – 1905-1907 жылдардағы, 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістерінің ерекшеліктерін, мәні мен мазмұнын, олардың Қазақстан аймағына ықпалын көрсету;

      – ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістердің мәні мен мазмұнын студенттерге түсіндіру;

      – Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың ерекшеліктерін көрсету;

      – Қазақстанда кеңестік биліктің орнығу және қалыптасу себептерін ашу;

      – жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстанда жүргізілген большевиктік реформалардың мәнін түсіндіру;

      – «Кіші Қазан» деген атпен жүргізілген саяси-әлеуметтік науқандардың зорлық-зомбылыққа негізделген ішкі болмысын ашу;

      – Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және көшпенділерді зорлап отырықшыландыру реформаларының қасіретті мазмұны мен ауыр салдарын көрсету;

      – коммунистік тоталитарлық жүйенің қуғын-сүргінге негізделген саясатын айыптау;

      – мәдениет пен білім беру саласындағы кеңестік жүйенің жетістіктері мен олардың қайшылықты сипатын әділетті бағалау;

      – коммунистік идеологияға және кеңестік социалистік құрылыстың болашағына сенген қазақстандықтардың Отан қорғау соғысындағы және еңбектегі ерліктерін көрсету;

      – социализмнің капитализмнен артықшылығын дәлелдеу жолында Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік-экономикалық, мәдени реформалардың қайшылықты барысын және біржақты салдарын айқындау;

      – кеңестік тоталитарлық жүйенің тоқырау құбылыстарының себептерін және ауыр салдарын көрсету;

      – М.С. Горбачев реформаларының демагогтық үстірт сипатының және КСРО ыдырауының нәтижесінде Қазақстанда ұлт саясатын жүзеге асыруда орын алған ауыр ахуалдардың мәнін ашу;

      – Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігін қалпына келтіруге мүмкіндіктер берген алғышарттарды айқындау;

      – тәуелсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың қажырлы қызметін көрсету:

      – тәуелсіз Қазақстандағы конституциялық реформалардың ерекшеліктері мен маңызына баса назар аудару;

      – тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың қиыншылықтарын және жетістіктерін айқындау;

      – Қазақстан Республикасы әлем мойындаған халықаралық қауымдастықтың нақты мүшесіне айналу эволюциясын көрсету;

      – рухани және мәдени салада, ұлтаралық қатынастарда тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін талдау;

      – әлемдік тарихта мәңгілік елге айналуды мақсат етіп отырған қазақстандық даму жолының негізгі жолдарын, 2050 жылға дейінгі дамуының басым бағыттарын нақтылау.

      Пәнді оқыту студе нттерге тө мендегідей білім негіздерін, дағдыларды және бейімділікті беруі тиіс:

      – тарихи эволюция заңдарын түсіндіру, тарихилық принцип негізінде өткенімізді талдау;

      – жазбаша жұмыстарды (конспект, аннотация, реферат, баяндама, эссе) логикалық, ғылыми жүйелілік негізінде орындауға және оларды дұрыс рәсімдей білуге дағдылану;

      – өзінің қорытындыларын салиқалы да тиянақты негіздеу;

      – семинарларға дайындалу барысында және өзіндік жұмыстарды орындауда қолда бар ғылыми әдебиетке өз бетінше сын көзбен талдау жасау;

      – тарихи деректерді жіктеп, талдай білуге дағдылану;

      – инновациялық оқыту әдістерін теориялық біліммен үйлестіре жақсы бағдарлауға дағдылану және оны ауызша жауап беруде пайдалану;

      – тарихи білімнің теориялық, қолданбалы және бағалылық аспектілерін көрсету, оларды күнделікті, сондай-ақ кәсіби өмірде практикалық