Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1635-2
Скачать книгу
қарсылық туындамас үшін шариғат сабағы мен араб тілін де оқытуды қалдыру мәселесін қойды.

      ХІХ ғасырдың соңында аталмыш жоба татар медреселерінде кеңінен қолданылды және Қазақстанда ашылған мұсылман оқу орындары да осы тәртіпке бағындырылды. Жәдидтік қозғалыстың көшбасшыларының бірі И. Гаспринский оқу орындарында діни сабақтармен қатар жағрафия, математика, тарих, биология сияқты пәндердің аса қажеттігін дәлелдей отырып, ескі қадімшілдіктен жаңа жәдидшілдікке көшуді ұсынып, «Тәржіман» газеті арқылы осы жолды насихаттады.

      Қазақстандағы патша әкімшілігінің шенеуніктері арасында қазақ халқының сауатын ашуда бастауыш білім берумен, яғни орыс жазуын, әсіресе ауызша сөйлесе білуді және арифметиканың алғашқы төрт амалын үйретумен ғана шектелу жеткілікті деген түсінік үстем болғанын атап өту керек. Орыс үкіметінің осындай кертартпа саясатының нәтижесінде Қазақстанның жалпы орта білім беретін оқу орындарында орыс емес ұлт балаларының өте шектеулі бөлігі ғана оқыды.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Ресей империясының Қазақстандағы білім жүйесіне қатысты жүргізген ісшараларына талдау жасаңыз.

      2. ХІХ ғасырдың аяғындағы түркі халықтары арасында жәдидшілдік қозғалыстың жандануының себебін түсіндіріңіз.

      3. ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі Қазақ даласындағы еуропалық үлгідегі мектептер туралы не білесіз?

      4. Қазақстанның табиғатын зерттеуге бағытталған экспедициялардың мақсаты мен міндеттерін анықтап беріңіз.

      5. Мұсылман мектептерінің оқытушыларының бастапқы білім беру сатысы қандай қалалардағы оқу орындарында ашылды?

      § 3. Көш пе нді қазақ халқы ның материалдық мәде ниеті

      Дәстүрлі тұрмыссалт мәдениеті. Қазақ халқының дәстүрлі материалдық мәдениеті әр кезеңде де зерттеу тақырыбының объектісі ретінде қарастырылған. Мысалы, қазақ даласына келген көпестер мен елшілер, дипломаттар мен офицерлер және әр түрлі деңгейдегі шенеуніктер көшпенді халықтың мәдениеті туралы көптеген мәліметтер қалдырып отырғандығын да айта кетуіміз керек. Әрине, бұл еңбектер объективтілігі және ғылыми жағынан түрлі бағытта, әр түрлі деңгейде болды.

      Қазақ халқының XIX ғасырдағы материалдық мәдениетінің жағдайы қоғамның әлеуметтік және экономикалық даму деңгейі негізінде қалыптасады. Қазақ халқының материалдық мәдениеті көшпенді өркениеттік бағытта қалыптасқан мал шаруашылығымен тікелей байланысты және перманентті деңгейде болды. Сонымен қатар отырықшылық пен егіншілік, саудасаттық бағытында дамыған көрші мемлекеттердің ықпалы да өз әсерін тигізді.

      Отырықшы халықтар өмірінде жер шаруашылығы, ал көшпенді халықтарда мал шаруашылығы негізгі орында болды. Қазақ халқының салтдәстүрі, діни наным-сенімі, менталитеті мен тұрмысы көшпенділік өмірмен байланысып жатты.

      Қазақ халқының салт-дәстүрлік, әдеп-ғұрыптық мәдениетінің бағыттары күнделікті өмірде көрініс тауып отырғандығы