Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1635-2
Скачать книгу
уақыт және отарлық әкімшіліктің төменгі сатысына байланысты ғана өзгеше болды. Ал олардың басты мақсаты мен міндеті Ресейдің Қазақстанда билігін нығайтуда бір пікірді ұстану болды. Басқаша болуы да мүмкін емес еді. Реформаның жобасы қазақ халқының пікірін ескермей әскери шенеуніктер тарапынан жасалынды. Қазақ ақсүйектерінің көпшілігі бұл ережеге қарсылық білдірмеді.

      Жаңа әкімшілік құрылымның реформасына қазақ зиялыларының өкілдері Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлихановтардың көзқарастары қызығушылық тудырады.

      Ы. Алтынсарин – көрнекті педагог, Торғай даласында мектеп ашқан, қазақтар арасында мектептің дамуына көп күш пен қайрат жұмсаған тұлға. Сонымен бірге ол отаршылық әкімшіліктің шенеунігі де болды. Торғай уездік басқармасының хат жүргізушісі қызметін, Торғай уезд сотының лауазымын атқарды, ал өмірінің соңғы жылдары Торғай облысы қырғыз мектептерінің инспекторы болды. Қазақстанда басқарудың жаңа жүйесіне қатысты Ы. Алтынсарин 1868 жылы «Дала облыстарын басқару туралы Уақытша ереже жөнінде»85 атты мақаласын жазды, онда ол реформаның қалай енгізілгені, өлкенің әкімшілік басқаруындағы өзгерістері туралы ой қозғады. Оған қарсылық білдірмесе де, ереженің биліктің қалаған мақсатына жеткізуге қайшы болатын кей тұстарын атап өтті. Бұдан әрі қазақтар арасына сайлау жүйесін бірден емес, біртіндеп енгізу қажет екендігін көрсетті.

      Ш. Уәлиханов – ғылымның дамуы үшін аса көп іс атқарған белгілі ғалым, «Сот реформасы туралы жазба»86 атты еңбегінде заңдар түсінікті әрі халықтың мүддесін көздеуі керек екендігін, тек сонда ғана халық оны мақұлдап қабылдайтыны туралы жазады. Сондай-ақ жоғарыдан жіберіліп, жасалған күшті заңға қарағанда қаншалықты жетілдірілмеген болса да адам жастайынан білетін, тәрбие алып, өскен ортасында қабылданған ата заңы оған түсінікті, жағымды және жақсы болып көрінеді. Ы. Алтынсарин жаңа басқару жүйесіне Торғай уездік басшысының хатшысы ретінде белсенді түрде қатыстырылды. Ш. Уәлиханов өз халқының патриоты болғандықтан, орыс заңдарын ұнатпады. Сол себептен отарлық әкімшілік оған сенімсіздікпен қарады, қазақ өлкесін басқарудың жаңа жобасын дайындау жұмысына араластырмауға тырысты.

      1867 жылдың маусым айының соңына қарай Дала комиссиясы «Түркістан генерал-губернаторлығының Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы ереже» деген жобасын аяқтады. Онда әскери және әкімшілік биліктің бірлігі бекітіліп, әскери элементке басымдылық берілді, оған себеп болған аймақтың шекаралық жағдайы мен ішкі құрылысының тұрақсыздығы еді. Жергілікті ру басшыларының ықпалын әлсіздендіру мақсатында әкімшілік-аймақтық бөліністі рулардың орналасуы бойынша емес, керісінше, шаруашылық жағдайға байланысты жасау және билер мен қазылар соттарын сақтау көзделді. Биліктің жаңа органдарының құрылымы Ресейдің ішкі губернияларындағы әкімшілік жүйемен сәйкестендіріліп жасалды, бұл аймақтық империя шеңберінің


<p>85</p>

Алтынсарин И. О «Временном положении об управлении в степных областях». 1868 г. // Собр. соч. в 3-х т. – Алма-Ата: АН КазССР, 1986. – Т 2. – С. 36-41.

<p>86</p>

Уәлиханов Ш.Ш. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 2010. – 4-том. – С. 83-113.