Шиеленіскен әлеуметтік-экономикалық мәселе империяның оңтүстікке жылжуындағы ерекше геосаяси жағдайда болған Кіші жүздің сыртқы саяси дамуына да әсер етті. Біріншіден, Сырдария аумағына қарай жылжыған Қоқан хандығының билеушісіне (1809-1822 ж.) сол жердегі Кіші жүз қазақ рулары (шекті, төртқара) зекет төлеп отырды. Екіншіден, Кіші жүз қазақтарының Хиуа хандығымен қарым-қатынастары ушығып кетті. Билікке келген Хиуа ханы Мұхаммед Рақым (1806-1825 ж.) шекараға жақын қазақ халқына ықпалын күшейту мақсатында қазақ рулары шекті, төртқара, шөмекей қоныстарына жиі шабуыл жасап отырды. Сонымен қатар ортаазиялық билеушілер қазақ ақсүйектері мен Ресей әкімшілігінің арасын алшақтатуға тырысты, яғни Ресейден гөрі қазақ хандары мен сұлтандарына үлкен жеңілдікті уәде етті. Қазақтардың бөлініп кетуі мен қазақ хандарының ортаазиялық өңірге қоныс аударуы Ресей билігіне әрдайым қауіп-қатер төндіріп тұрды.
Мұндай шиеленіскен жағдайда көптеген мәселелер аймақтық әкімшіліктің көзқарасына байланысты болды. Орынбор губернаторы Г.П. Эссен (1817-1823 ж.) мен Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Г. Веселицкий (1817-1820 ж.) бұл жағдайдың себебін Серғазы ханның (1812-1824 ж.) әлсіз билігімен байланыстырып, Кіші жүз қазақтарының экономикалықәлеуметтік мәселелері беделді сұлтан Арынғазы Абылғазиевтың Кіші жүз ханы ретінде сайлануымен шешілер еді деп пайымдады. Сонымен қатар «хан кеңесіне арналған ережені» бұза отырып, олар Арынғазыны хан кеңесінің төрағасы етіп тағайындап, сұлтандар мен старшындарға оған Орынбор әкімшілігінің демеу болуын ашық көрсетіп жариялады.
Бірақ 1820 жылы 19 ақпанда Азиялық комитет отырысында Далаға қандай да бір реформаларды енгізу «үлкен ретсіздік пен толқуларға» әкеледі деген үреймен П. Эссенің үсынысынан бас тартып, тек заң жүзінде сайланған ханның күші шекаралық шеп пен қазақ қоныстарында тыныштық