Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1635-2
Скачать книгу
деген адамдардың ауылдарына таратылды. Сібір қырғыздарының облысы екі округке бөлінді: сыртқы (Ертіс өзенінің арғы жағы) және ішкі округтер. Негізгі қазақ көштері сыртқы округтерге жатқызылды. Ресей билігі Орта жүз хандары Бөкей (1816-1819 ж.) және Уәли (1781-1821 ж.) иеліктері – Қарқаралы мен Көкшетау аймақтарына ерекше мән берді. Онда алғашқы округтерінің ашылуы жоспарланды. 1824 жылы 8 сәуірде Қарқаралы алғаш сыртқы округі ашылып, 1824 ж. 24 шілдеде Сенат өз бұйрығымен сыртқы округтің ашылуы мен Қарқаралы жарлығының құрылуын бекітті. 1824 ж. 29 сәуірде Уәли ханның көш аумағында екінші Көкшетау жарлығы ашылды. Содан соң Баянауыл (1826 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үш-Бұлақ (1833 ж.), Аман Қарағай (1834 ж. кейіннен Құсмұрын атымен өзгерді) және Көкпекті (1844 ж.) округтері ашылып, Орта жүздің әкімшілік-аумақтық бөлінуі осымен аяқталды.

      Округтер Омбы облысының басқармасына бағынып, басқару округтік бұйрықтарға міндеттелді. Округтік жарлық аға сұлтаннан (төраға), екі орыс мәжіліскері мен екі мәжіліскер – «құрметті қазақтардан», сонымен қатар кеңсе, тілмаштардан құрылған болатын.

      Округтің құрылуы мен аға сұлтанның тағайындалуы әскери шеру рәсіміне жалғасты. Салтанатты іс-шаралар кезінде (округтік бұйрықтардың жетекшілері) аға сұлтандар Ресей тәжіне адалдығы туралы ант берді.

      Сұлтандар «Аға сұлтанды» 3 жылға сайлаған және ол ресейлік қызметтегі майор шенін алып, 9 жылдан кейін (3 мерзім) дворян атағын сұрауға құқылы болған.

      Болыс сұлтанының қызмет ету мерзімі шектелген жоқ. Болыстық сұлтандар билікті өз мұрагерлеріне беріп отырды. Бірақ олар міндетті түрде облыстық басқармамен бекітіліп отырды. Болыс сұлтандары 12 сыныптағы шенеунік атағын иеленді. Ауыл старшындары үш жылда бір сайланып тұратын, бірақ келесі мерзімге қайта сайлана алатын. Ауыл старшындары болыс сұлтандарына бағынды.

      Сот істері 3 санатқа бөлінді: қылмыстық, талап ету, басқармаға шағым түсіру. Қылмыстық істер империя заңы бойынша округтік жарлықпен қарастырылды. Алдын ала тергеу орыс шенеунігінің қатысуы жағдайында қазақ биімен жүргізілген. Қазақтардың талабы бойынша қарастырылған істер жергілікті ескі заңдар негізінде қаралатын болды. Бірақ округтік бұйрық би шешімдерін қайта қарауға құқылы болды.

      1838 жылы Омбы облысы жойылып, оның бұрынғы ішкі аймақтары көрші Сібір губернияларына қосылды: Петропавл округі Тобыл губерниясының Ишым уезіне, Семей және Өскемен Томск губерниясының Бийск уезіне қарады. Сыртқы округтер Орта жүз қазақтарын басқарудың арнайы органы – Сібір қырғыздарының шекаралық басқармасының құзырына берілді. 1854 жылы жоғарыда аталған сыртқы округтер мен шекаралас солтүстік аумақтардың ішкі округтерінің бір бөлігі негізінде Сібір қырғыздарының облысы және Семей облысы құрылды. Біріншісіне Қарқаралы, Көкшетау, Ақмола, Баянауыл және Қошмұрын аймақтары кірді. Семей облысына Көкпекті мен Аягөз сыртқы округтері, бір Семей округіне біріктірілген бұрынғы Семей мен Өскемен ішкі округтері және Қапал әскери округі кірді.

      1856 жылы Ұлы жүз қазақтары қоныстаған