Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1635-2
Скачать книгу
жылқыларын айдау кезінде ханның ұлы Ышғазыны өлтіреді.

      Осы оқиғадан соң Орынбор әкімшілігі хан мен оның отбасын әр түрлі қазақ руларынан немесе Қаратай мен Арынғазы сұлтандарының қолдаушыларынан қорғау мақсатында приставқа табыстайды.

      1821-1824 жылдары Новоилецк бойындағы бекіністер мен форпостарына қазақтардың шабуылдары күшейді. Сол шабуылдарда жылқыларды айдап салумен бірге казактар мен Іле тұз өндірісінің жұмысшыларын, орыс тұрғындарын тұтқынға алып кетіп отырды.

      1823 жылы маусым айында Ресей билігі арнайы комиссия құрып, хандық билік институтын қайтадан күшіне енгізуге тырысты. Орынбор генерал-губернаторы П. Эссен Кіші жүз ханы Серғазы (төрағасы), сұлтандар, (әлімұлы ру бірлестігі атынан – Темір Ералиев, жетірудан – Медетғали Тұрдалиев) және байұлы атынан беделді старшын – Есенгелді Янмурзинмен бірігіп құрған «ерекше» комиссияның құрамына Орынбор аймағының мұсылман дінбасыларының өкілдері болып Сейіт жерінің молдасы Абдрахман Мұхаммедшарифов, Орынбор айырбас аула мешітінің молдасы Абдусаттар Сүлейменов пен Орынбор мешітінің ахуны Әбдісәлім Абдрахманов кірді17. Комиссияның мақсаты – 1821-1823 жылдарда орын алған қазақтардың мал айдауы туралы орыстардан да, қазақтардан да түсетін шағымдарды қарау болды. Комиссия өз жұмысын 1823 жылы қазанда бастады, бірақ ешқандай істі қолға дұрыс ала алмады. Оның себебі «ерекше сенім мен сыйластыққа» лайық болған Сеит жерінің молдасы Абдрахман Мұхаммедшарифов денсаулығына байланысты келе алмауында болды. Серғазы хан комиссия құрамының шешімі әділетсіз болуы мүмкін деп қауіптенді. Сонымен қатар хан комиссия жұмысына қатысатын дін қызметкерлерінің барлығы бірдей әділ бола бермейді, солардың ішінде ахун Әбдісәлім Абдрахманов қазақтарды жақтырмайтындықтан, оларға қатысты мәселелер бойынша «әділетсіз шешім» қабылдай алатынын атап айтқан. Осы күдіктің негізінде шариғат заңдарына жүгініп, шешім қабылдайтын арнайы комиссия құрамының жартысын құраған молдаларға шешімдерін «әділетті» шығаруға ант қабылдатты18. Дегенмен ханның билігін нығайтуға, шекаралық шектегі руаралық талас-тартыс пен қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған комиссия отырыстары ойдағыдай нәтиже бермеді. Комиссия бірде-бір істі қарастыра алмай, өз жұмысын желтоқсанда тоқтатты.

      1823 жылы тамыз айында А. Горихвостов Серғазы ханның қонысындағы жұмысты тоқтатып, қазақ көшпенді қоғамының басқару құрылымындағы ханның рөлін бақылау негізінде ханның билігі әлсіз және шектеулі деген тұжырымға келеді. Далада жаңа әкімшілік қайта құру қажеттігі приставтың ойымен дәлме-дәл сәйкес келді.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Кіші жүз ханы Серғазы (1820-1823 ж.) жанындағы приставгар рөлін түсіндіріңіз.

      2. ХІХ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы Қазақ даласының ішкі саяси жағдайын ашыңыз.

      3. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде жаңа шекаралық шептер (Жаңа Илек, Жаңатроицк): қазақтар мен казактардың қарым-қатынасы.

      § 2. Қазақстанда ресейлік әкімшіліксаяси жүйенің енгізілуі

      Орта


<p>17</p>

ҚР ОММ. – 4-қор. – 1-тізбе. – 269-іс. – 91-парақша.

<p>18</p>

ҚР ОММ. – 4-қор. – 1-тізбе. – 269-іс. – 91-176 парақша.