1772 ж. Жайық казактары патша үкіметіне қарсы көтеріліс бастады, бұл көтеріліс басылғаннан кейін орыс шекара шептеріндегі жағдайлар жөнінде сыбыс қазақ даласына жайлап жете бастады.
1773 жылдың қыркүйегінде Е. Пугачев көтерілісі басталады. Пугачевтің үндеулері мен «манифестерінің» қазақ даласында таратылуы көптеген қазақтардың көтерілісшілерге қосылуына септігін тигізді. 1773 жылдың күзінде қазақ жасақтарының төменгі Жайық шептері бойындағы бекіністер мен форпостарға жаппай шабуылдары басталды. Қазақтардың, қалмақтардың, казактардың біріккен топтары Кулагин бекінісін және шептің орталығын басып алып, өздері жек көретін Бородин атаманын дарға асты. Одан соң қазақ жігіттері патша әскерінен Жайық қаласын алуға, Орынборды қоршауға, Гурьевті қорғауға қатысады.
Е. Пугачев көтерілісінің барысы http://www.cleversite.narod.ru/vostan.html
1774 жылдың көктемінен күзіне дейін қазақ тобы Жайықтың барлық ағысының Гурьевтен Ор бекіністеріне дейінгі қорғаныстарына шабуыл жасады. Сахарный бекінісі, Яманкаменский, Антоновский, Бударинский, Сарайшық, Каленовский және т.б. форпостарға шабуылдар жасалды. Қазақ жасақтарын Досалы сұлтан, Сырым, Айдар, Жолан, Елбарыс деген батырлар басқарып, әскери әрекеттерге 6000 шамасында ғана қазақтар қатысқан.
1774 жылдың көктемінде қазақ шонжарлары көтерілісті тастап кетті, ал 1774 жылдың шілде-тамыз айларында көтеріліске халықтың көптеп тартылуы орын алды. Бұл кезеңге дейін күрестің сипаты да өзгерді. 1773 жылдың соңы-1774 жылдың басында қазақтардың қозғалысы «шекаралық деңгейде», яғни орыс қоныстарына шабуылдау, мал айдап әкету, тұтқындау түрінде жүргізілсе, 1774 жылдың жазында бұл күрес орыс топтарымен қақтығысу дәрежесіне ұласты, яғни ресейлік алып империяның күштеріне қарсы бағытталды. Бұл кезеңде қазақтардың күресінің күшеюі хандар мен ақсүйек старшындардың басшылығымен жүргізілмеді.
Қарсылықтың белең алу барысында Жайықтың «ішкі жағына» көшіп-қону мәселесі шешілген болатын. 1773 жылдың қоңыр күзінде қазақ түтіндерінің көп бөлігі Жайықтың оң жағалауына көшті. Пугачев көтерілісін басуға бар күшін салып жатқанда қазақтар тарапынан қарсылықтың күшеюінен қорыққан патшалық жазалау шараларын қолдана алмады.
Көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін Пугачев Кіші жүз ауылдарында жасырынбақ болған еді, алайда казактар арасынан шыққан сатқындарға ұсталып, ол патша билігіне тапсырылады. Пугачев көтерілісінің жеңілісіне қарамастан қазақтар азық-түлік керуендерін, шөп қорларын жою арқылы күресті одан әрі жалғастыра берді, кейін бұл жағдай Орынбор, Астрахань және Саратов губернияларында орналасқан орыс тұрғындарының ашаршылыққа душар болуына алып келді.
Пугачев көтерілісін талқандағаннан кейін орыс үкіметі ірі әскери күштерін қоршауға түскен бекіністерге көмек беру үшін қазақ даласына жіберуге мүмкіндік алды. Е. Пугачевті дарға асқаннан кейін патша үкіметі қазақтарға қатысты қуғын-сүргін саясатын күшейтті, қазақ даласының түкпір-түкпіріне өздерінің жазалау отрядтарын жіберді. Бағынбаған ауылдарға жаза