Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1635-2
Скачать книгу
Орынбордағы кез келген қазақты күдікті ретінде ұстауға ресми түрде рұқсат етілді, ал 1779 жылы 4 қазанда кез келген қазақты өзге қазақтың жасаған тәртіпсіздігі мен қылмысына қатысты ұстауға өкім шығарды. Сонымен қатар оның заңды жалғасы ретінде 1783 жылдың 3 қарашасында шыққан қаулы «казактар мен башқұрттардан әскери жазалаушылар ұйымдастырып», қазақ халқын үнемі тонауға зор мүмкіндік берді. Бодандық туралы актіге қол қойылғаннан бастап қазақтар үнемі империя тарапынан жүргізіліп отырған малдарын айдап әкету, керуенге, бекіністерге, редуттарға, т.б. шабуыл жасау саясаттарына әскери және саяси қарсылықтар, яғни тұтқындарды ұстау, бұйрықтарды орындамау, саяси бағыныштылықтан бас тарту сияқты қарсылық әрекеттерге барды. Қазақтар тарапынан қарсылық күшейген сайын халықты ауыздықтауға қатаң шаралар қолдана бастады.

      Хандар мен сұлтандар дәстүрлі ақсүйектер – старшындар, билер, батырлармен ақылдаспай, құқын шектей берді. Олар барған сайын патшалықтың далалы аймақтағы тірегіне айналды, оның саясатын жүргізді, ру ақсүйектерін биліктен қуды. Патша әкімшілігі билеуші топтар арасындағы араздықты тиімді пайдалана білді. Ру аралық күрес еңбекші қауым шаруалардың тынышын алды.

      XVIII ғасырдың ортасында саяси дағдарыс салдарынан Кіші жүз территориясы екі хандыққа бөлінді. Нұралы ханның қарамағына қараған қазақ рулары Батыр хан иелігіне қарайтын Арал бойы мен Сырдария бойындағы қысқы жайылымдарды пайдалану құқығынан айырылды. Бұл ру қазақтары батысқа Каспий ойпатында орналасқан жайылымға жылжуға мәжбүр болды. Дегенмен Орал бекініс шебі Оралдың оң жағалауына қазақтардың қыстауына кедергі келтірді.

      Қазақ старшындары патша үкіметіне 1756 жылғы қазақтарға «ішкі жаққа» өтуге тыйым салған жарлықтың күшін жоюды және сол жерлерді қысқы жайылым ретінде пайдалануға беруге рұқсат сұрады. Алайда Сыртқы істер алқасы 1771 жылы бұл іске тағы да тыйым салды.

      1775 жылы патша үкіметі жергілікті басқару жұмыстарын қайта ұйымдастырды. Орынбор губерниясы таратылып, Кіші жүз бен Орта жүз аумағының бір бөлігі Сібір және Уфа генерал-губернаторлықтарының құрамына кірді. Орынбор обер-комендантына Кіші жүздегі патша әкімшілігінің жергілікті мекемелерінің іс-шараларын, оның ішінде Орал бойындағы шекаралық шептерді қайта қалпына келтіріп, бекініс гарнизондарын күшейту сияқты іс-шараларын тікелей жүргізу тапсырылып, сол үшін шекара істері комиссиясы құрылды.

      1782 жылғы жарлық бойынша қазақ ауылдары хан шекаралық биліктен рұқсат алған жағдайда ғана Жайық арқылы өте алды. Нұралы және оның жақын туыстары қоныстарға иелік етуде Орал казак әскерлері старшындарымен келісімге келе отырып, құқықтарын барынша асыра пайдаланды. Әскери старшындар Жайықтан ақы төлемей өткен ауылдарды тонап, ал қазақтарды тұтқынға алып отырды. Сол кезде хан және оның маңындағылар халықтан тұтқындарды босатып алу үшін қаражат жинады. Жиналған қаражатты Орал әскери старшындарымен бөлісіп отырды. Осылайша, «әскери барлау» ісі ханның,