Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстанды отарлаудағы Орынбор казак линиясының ішкі саяси жағдайларға ықпалы.
2. Абылай ханның дипломатиялық саясатына баға беріңіз.
3. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы сыртқы саяси өзгерістердің нәтижесі туралы баяндаңыз.
4. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның геосаяси жағдайын талдаңыз.
§ 4. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресей үкіметінің саясаты
XVIII ғасырдың екінші жартысында Батыс Қазақстан территориясындағы маңызды мәселелердің бірі жер мәселесі еді. XVIII ғасырдың 30-жылдарынан бастап Ресей үкіметі Ресей мемлекеттілігі концепциясын басшылыққа ала отырып, қазақтардың жерін де, өзін де империяға бағынышты етуден үміттенді. Өлкенің әрбір әкімшілігі Ресей империясы билігіне толықтай әрі тұтастай кіргелі жатқан жер өсіміне өз үлесін қосуға тырысты. Осы саясатты жүзеге асыру барысында қазақтардың, қалмақ, башқұрттардың дербестіктері толықтай жойылды, сонымен бірге ресми билік жергілікті халықтың батыл қарсылығына тап болды. Сондықтан да олар жерді бөлшектеудің және бөлудің түрлі әдістері мен амалдарын: ұлттарды бір-біріне айдап салуды, халықтың барлық тобынан өздерінің агенттерін жасақтауды, казактарды отарлаудың басты күші ретінде толықтай бағындыруды қолдана бастады. Бұл саясат И.И. Неплюевтің «қосымша» жоспары түрінде рәсімделді де империя үстемдігі Қазақстанда түрлі жолмен жүзеге асырылды. Бұл саясат аймағы империямен шекаралас жатуына байланысты Батыс Қазақстан территориясында толықтай атқарылды. Осы себептен де қазақ рулары мен барлық Кіші жүздегі билік құрылымындағы қарамақайшылықтар, сондай-ақ ұлт-азаттық қозғалыстардың қиыншылықтары, Ішкі (Бөкей)