қарай көшті, онда олар Ресей мемлекетінің шекараларына жақындады. Бұл Еділ қалмақтарымен, башқұрттармен, орыс қамалдарының гарнизондарымен, Жайық және Сібір казактарымен қақтығыстардың өршуіне алып келді. Осыған орай, билік үшін әулетаралық күрес шиеленісе түсті. Қазақ хандығының алдында маңызды әрі күрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаулардан қорғау және ел ішінде күшейіп келе жатқан ішкі талас-тартыстар үдерісін еңсеру тұрды. Осы жағдайда қонысы Ресей шекарасына жақын орналасқан қазақ ақсүйектер элитасының бір бөлігі Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатпақ болды. Олар патшалық үкіметтің көмегімен ішкі саяси жағдайды тұрақтандырып, шекаралас территориядағы жер дауын реттеп, Еділ маңы, Орал маңы, Батыс Сібір базарына рұқсат алмақ болды, сонымен қатар орыс әскерлерінің көмегімен жоңғарлар тартып алған Жетісу жерлерін қайтарып алуды көздеді. Бұл жағдайлар орталықтанған хандық билік институтының әлсіреуіне, сондай-ақ Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жеке мүдделері оның 1730 жылы Ресей императрицасына жүгінуіне себеп болды. Әбілқайыр хан Ресей императрицасына өзінің қоластындағы халқымен бірге Ресейдің бодандығына алуын өтініп, Құлымбет Қоштаев пен Сейітқұл Қойдағұлов бастаған елшілігін жіберді
6. Ортаазиялық базармен байланысын нығайтуды көздеп, Әбілқайыр хан Хиуа мен Бұхараға орыс көпестерінің керуендерін шығарып салуға дайындығын білдіріп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігіне уәде берді. Сонымен бірге жыл сайын 4000 түлкі көлемінде жасақ төлеп, өз балаларын аманат ретінде жіберетіндігіне уәде берді. Осылардың қайтарымы ретінде Ор өзені сағасына қамал салып беруін, оған және оның ұрпақтарына хандық титулды бекітуін, башқұрт, қалмақ, Жайық казактарының тонаушылық жорықтарынан қорғауын сұрады. Қамалды салу арқылы Әбілқайыр хан өзінің хандық билігін нығайтуды және қоластындағылар мен бағынбағандарды жуасытуды көздеді.
Шетелдер ісі коллегиясы елдің азиялық саясаты бойынша жеткілікті дәрежеде тәжірибе жинақтады. Ресей 1730 жылы қазақ елшілігіне дейін Еділ қалмақтарын, Кабардин княздықтарын, грузин жерлерін құрамына қабылдаған болатын. Әбілқайырдың елшілеріне әр түрлі құрмет көрсетіліп, құнды сыйлықтар сыйланып, шетелдер ісі коллегиясының аудармашысы А.И. Тевкелевтің басшылығымен қазақ еліне қайтарылды. Қазақ елшілігінің қайтатын күні Шетелдер ісінің мемлекеттік коллегиясы шығыс тілдерінің аудармашысы А.И. Тевкелевке 12 пунктен тұратын қырғыз-қайсақ ордасына жіберілу кезінде оларды Ресей қоластына кіргізуге арналған нұсқау тапсырылды. Ханның айналасындағы адамдар Ресей бодандығын қабылдаудан бас тартқан жағдайлар кездесетін болса, «Нұсқаудың» 3-пункті бойынша А.И. Тевкелев оларды грамотаға қол қоюға көндіруі керек болды. Адалдыққа кепілдік алу үшін Әбілқайыр ханның рұқсатымен Ресейге аманаттар жіберу қарастырылды.
Елшілер дәстүрге сәйкес, қандай болмасын маңызды мәселелерді жеке өзі шешуге құқығы болмады және нұсқауды орындауы керек болды. Ал А.И. Тевкелевтің іс-әрекетіне толықтай еркіндік беріліп, оның өкілеттігінің шегі болмады. Сонымен қатар ол күнделікті журнал жазбаларын жүргізуі керек болды, өйткені