Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Тәттігүл Картаева
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1737-3
Скачать книгу
қаласындағы «Тірі өсімдіктер» тірі музейі 120 жылдан бері танымал. Нью-Йорк қаласындағы Квинс штатындағы Кридмур психиатриялық клиника жанынан ашылған «The Living Museum» тірі музейі әрі арт-студия ретінде жұмыс жасайды. Музейді сюррализм табынушылары, Колумбия университетінің түлегі Болек Гресзинский мен дәрігер Янос Мартон қалыптастырып, 30 жыл бойына табысты жұмыс жасап келеді. Сондай-ақ АҚШ-тың Джеймстаун және Вильямсбургтегі Американы отарлау кезеңінің тірі музейлері, Сан-Уотчтегі үнділер қонысы, Ұлыбританиядағы Қара ел тірі музейі, Норвегия халық музейлерін атауға болады. РФ-да «тірі музейлердің» озық тәжірибесі Красноярск өлкесінде «Экодом», Бородино шайқасы алаңында құрылған «Боронино» музей-қорығынан көрінеді. 2010 жылы Түрікменстанда Ашхабад қаласының маңындағы Гекдере атты елді мекен «тірі музей» ретінде құрылды.

      ЖАҢА ОҢТҮСТІК УЭЛЬС ӨНЕР ГАЛЕРЕЯСЫ – Сидней қаласында орналасқан. Жаңа оңтүстік Уэльс өнер галереясы – Австралияның қоры мол ірі музейі. Оның негізі 1874 жылы қаланған. Мельбурндағы Виктория өнер галереясымен бәсекелесу тұрғысында Сиднейдің бай тұрғындары осы музейдің өркендеуіне өз үлестерін қосып, жеке қаражаттарын бөлген. Галерея ғимараты 19 ғ. – дың аяғында архитектор Уолтер Вернон жобасы бойынша салынған. Қордың негізгі бөлігін австралиялық шеберлер туындылары құрайды. 19 ғ. өнер туындылары қатарында Артур Стритон, Том Робертс, Фредерик Маккабин еңбектері, 20 ғ. өнер туындылары қатарында Уильям Добелл, Сидни Нолан, Рассел Драйсдейл, Артур Бойда, Фредерик Уильямс еңбектері бар. 16 ғ. – ға саятын нидерландық және итальяндық көркемсурет, сондай-ақ Викторикан дәуіріне саятын ағылшын өнер туындылары сақталған. Еуропалық модернистер жұмыстарының, азиялық өнер, графика және фотосуреттер коллекциялары бар.

      ЖАҢА ПИНАКОТЕКА – Мюнхенде орналасқан. 1853 жылы король Людвиг I Баварскийдің басшылығымен ашылып, архитектор Александр фон Бранктың басшылығымен салынған ғимаратқа орналасқан. Классицизмнен модернге дейінгі 3000 полотно; ағылшын көркемөнері (Томас Гейнсборо, Джон Констебл, Джошуа Рейнольдс, Давид Уилки, Томас Лоренс, т.б.); неміс көркемөнері (Фридрих Овербах, Вильгельм фон Шадов, Каспар Давид Фридрих, Вильгельм Лейбл, Макс Либерман, Ловис Коринт, т.б.); импрессионистер мен постимпрессионистер (Пьер Огюст Ренуар, Эдуард Моне, Винсент Ван Гог, Альфред Сислей т.б.); 19-20 ғ. – лар өнері (Джованни Сегантини, Густав Климт, Джеймс Энсор, т.б.) сақталған.

      ИЕРОГЛИФ (грек. hіeros – қасиетті, gluphe – қиылып алынған) – идеографиялық жазудың таңбасы. И. терминдін бірінші рет Климент Александрийский 200 ж. Мысыр жазуына қатысты қолданған. Ең көне Мысыр иероглифі б.з.б. 4-мыңжылдықта пайда болған. И. тек көне Мысыр жазуы деген мәнде ғана емес, басқа жазулар жүйесіне (қытай, крит, т.б.) қатысты да қолданылады. И. деп лотографиялық (бір сөз) мәндегі, аз да болса сурет сипатын сақтаған жазу таңбалары аталады. Ол пиктографияға (сурет жазуына) да, дыбыстық жазуға да жатпайды, бірақ ол нағыз сурет бейнесін