К-нің ежелгі үлгілері палеолит дәуіріне (б.з.б. 40 – 8-мыңжылдық) саяды (мыс., Оңт. Франциядағы Фон-де-Гэм, Солт. Испаниядағы Альтамир үңгірлерінде жартастың бетіне салынған суреттер). Ежелгі дәуір К-сінде жерден шығатын сары, қызыл, қошқыл бояулармен қатар минералдық көк, жасыл бояулар да қолданылған. Ежелгі Шығыс елдері мен Америкада күрделі К. өнері (құлпытастарды, үйлерді өрнектеу) өркендеді. Көне дүние К-сі архитектура мен мүсінді өзара үндестіре қолданды. Бояу реңдері барған сайын ажарланып, мифол. сюжеттермен қатар тұрмыс-салт тақырыптары, тарихи оқиғалар, табиғат көркі бейнеленді, портрет, натюрморттар жасалды. Ғибадатханаларды, үйлерді, қабырғаларды, ұстындарды әшекейлеуге қолданылған монументті-сәндік К. (Помпей, Геркуланум, Пестум, Қазанлық қ-ларында, Қара т-дің солт. жағалауында сақталған) архит. кеңістігі мен формасы жағынан бірте-бірте өзгеріп отырған. Ежелгі дәуір фрескаларының беті жылтыр (мәрмәр ұнтағын араластырған) болып келеді. Ежелгі Грекияда қондырғылы К. (тақтаға кейде кенепке салынған) пайда болды.
Орта ғасырлардағы Бат. Еуропа, Византия, Русь, Кавказ, Балқан К-сінде рухани, асқақтыққа құрылған діни тақуалық тақырыптар көбірек кездеседі. Бұл дәуірдің К-сі белгілі бір тақырыптың (діни тақырыптар) төңірегінде болғанымен, онда ұлттық діл мен нақты тұрмыс көріністері де бейнеленді (мыс., Русьте Феофан Гректің, Андрей Рублевтің иконалары мен фрескаларында). Ол кезде К-нің негізгі түрі фреска (құрғақ, кейде ылғал сылақтың бұдырлы бетіне салынатын К.) болды. Иконалар мен миниатюралар салуда бейнелеу, құрастыру, бояу, т.б. әдістердің қатаң тәртібі сақталған. Қол өнеріне тән мұқияттылықпен жасалған иконалар, қабырға бетіндегі оймыш-әшекейлер, мозайкалар мен витраждар шіркеу сәулетінің біртұтас ансамблін