Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Тәттігүл Картаева
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1737-3
Скачать книгу
сол қалың баудың түкпіріне таман алма мен алмұрт бағының арасында 1946 ж. салынған кесене тұр. Кесене 1970 және 1996 ж. қайта жөнделіп, ақ мәрмәрмен қапталған. Кесененің дәл ортасына ұлы жыршыға құлпытас қойылған. Ақын денесі осында жерленген. Кесененің дәл іргесінде, сол жақ босағасына ақынның киесі – қызыл шұбар жолбарыс мүсіні орнатылған (1996). Жамбыл өмір сүрген үй – музейдегі бөлмелер сол күйінде сақталған. Ондағы он екі бөлменің әрқайсысы тарихи жәдігерлерге толы, әрбір зат – ақын өмірінің тікелей куәгері. 1996 ж. музей-үйге жанамалай конференц зал салынып іске қосылды. Бұл конференц залдың алғашқы іргетасын Қазақстан Президенті Н.Назарбаев қалады. Алғашқы бөлме Жамбылдың ұлы ұстазы ақын Сүйінбайға арналған. 1916 жылғы көтеріліс тарихын, Жамбыл шығарм-н баяндайтын бөлімде Х.Наурызбаевтың «Амангелді Иманов» атты мүсіні және 1913 ж. Жамбылдың ақындар арасында түскен тарихи суреті тұр. 1919 ж. мамыр – маусымда өткен ақындар мен күйшілердің слеті жөніндегі материалдардың фотокөшірмелері, Верныйдағы сол слет өткізілген үйдің суреті, ақынның жаңа өмір серпінінен туған шығарм-мен таныстыратын материалдар қойылған. 1934 ж. маусым айында қазақтың ұлттық өнер шеберлерінің тұңғыш респ. слеті өтті. 1936 ж. сәуір айында айтыскер ақындардың 2-слеті болды. Музейде Жамбылдың суырып салма ақындығы оқшау көрінген осы слеттерге қатысты материалдар да қойылған. Ж. м. ауқымды бөлімдердің бірі Жамбылдың Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен мәдениетінің онкүндігіне қатысуына арналған. Музейдегі Мәскеу онкүндігіне арналған экспозицияда Жамбылдың С.Мұқановпен, К.Байсейітовамен, Т.Жароковпен және колхозшылармен, мемлекет қайраткерлерімен кездесулерінен фотосуреттер қойылған. Жамбылдың Қазақ КСР-інің 1-шақырылған Жоғ. Кеңесінің депутаты, Кеңестердің бүкілқазақстандық төтенше 10-съезінің делегаты болғандығына толтырылған мандаттар, ақынның ең алғашқы наградасы – Еңбек Қызыл Ту ордені, М.Соловьевтің «М.И. Калинин Жамбылға орден тапсырып тұр» деген картинасы да осында тұр. Мәскеудегі онкүндікке қатысушылармен бірге Жамбылды бүкіл ел қошаметпен қарсы алды. 1936 ж. мамырдың 17-нен 23-не дейінгі аралықта өткен онкүндікте Жамбылдың қолма-қол төгіп шығарған толғаулары елге күнбе-күн тарап жатты.

      1937 ж. желтоқсанда Жамбыл әуелі Мәскеуге, сол жақтан Тбилисиге, Шота Руставелидің жұртқа белгілі «Жолбарыс терісін жамылған батыр» поэмасының 750 жылдығын тойлауға арналған КСРО Жазушылар одағы басқармасының пленумына барған сапары топ-топ жыр болып, “Кавказға саяхат” деген кітабына кірді. Ақын 1938 ж. Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің депутаты болып сайланып, мемлекет тарихында тұңғыш рет парламент мәжілісі өлеңмен ашылды. Оны ашқан да «20 ғасырдың Гомері» Жамбыл Жабаев еді. Музейдегі Жамбылдың шығарм. қызметінің 75 жылдық мерекесін тойлау жөніндегі бөлімде елдің түкпір-түкпірінен және көптеген шет елдерден «халық поэзиясының ақсақалына» жіберілген құттықтау жеделхаттар мен хаттардың фотокөшірмелері, сондай-ақ, КСРО Жоғ. Кеңесі Президиумы оны Ленин орденімен наградтағаны туралы 1938 ж. 19 маусымдағы Жарлығы, той иесіне тапсырылған