Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Тәттігүл Картаева
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1737-3
Скачать книгу
И. а-ның негізгі орталығына айналып, аса ірі мешіттер мен сарайлар тұрғызылды (Самарра, Фустат, Султан Хасан мешіттері). Арабтар 711 ж. Пиреней түбегін жаулап алып, кейін Кордова халифаты құрылған кезде осы өлкеде де ғажайып И. а. ескерткіштері тұрғызылды. Атап айтқанда, Кордовадағы үлкен мешіт, Гранада әмірлерінің сарайы, т.б. 10 – 13 ғ-ларда ислам діні қанатын кеңге жайып, Орталық Азияға, Үндістанға, Кавказға тарала бастады. Ислам дінімен қатар, аталған елдерде И. а. да өркендеді. Мыс., 13 ғ-да Делиде салынған әйгілі Кутб-Минар мұнарасының биікт. 70 мге, табанының диам. 16 мге жетті. Бұл мұнараның өнбойы ою өрнекті 24 шығыңқы кернеумен безендірілген. Бұған қоса Делиде мешіт ауласында тұрғызылған Темір мұнарасы 30 м-лік алаңды бар. Ахмадабақтағы 1427 ж. салынған Джамми-Мадджид мешіті 70 алып, онда 260 бағана 15 күмбезді ұстап тұр. Ұлы моғолдар билігі тұсында Үндістанда атақты Тәж-Маһал (1630 – 52) салынды. Оның сырты әлемде теңдесі жоқ ою-өрнектермен, алтын-күміс мозаикалармен көмкерілген, жақтаулары құран мәтіндерімен нақышталған. 10 – 12 ғ-ларда Иран, Ауғанстан, Орта Азия мен Қазақстанда да көптеген И. а. ескерткіштері салынды. Атап айтқанда: Тараздағы Айша бибі, Үргеніштегі Фахриддин Рази, Мервтегі Сұлтан Санжар, Нахичеваньдағы Момине хатун, Исфаһандағы жұма мешіті, т.б. кесенелер. Бұл өлкелерде 14 – 15 ғ-ларда И. а. одан әрі өркендеп, Самарқанда Гөр Әмір, Шахи-зинда, Түркістанда Қожа Ахмет Иасауи кесенелері, Бакуде Ширваншахтар сарайы, т.б. салынды. 16 – 18 ғ-ларда салынған Бұхарадағы Мір-Араб, Қос медресе, Ляби-хауз, Самарқандағы Регистан, Аградағы Тәж-Маһал (Үндістан) кешендері, Стамбұлдағы Сулеймание және Андрианопольдегі Селиме (Түркия) мешіттері, Турфандағы Сулейман мұнарасы (Қытай), Нұхтағы Шекі хандарының сарайы; 19 – 20 ғ-лардағы ескерткіштер – Бұхара маңындағы Ситораи Мохи Хоса, Хиуадағы Шырғызы хан, Аллақұли хан, Мұхаммед Амин хан медреселері, Бат. Қазақстандағы Бекет ата, Шақпақ ата жер асты медреселері, Айтман, Ерғали, Тәжике және Омар-Тұр кесенелері И. а-ның озық үлгілеріне жатады.

      КАПИТОЛИЯ МУЗЕЙІ – Рим қаласында орналасқан итальяндық ерекше көне өнер туындыларын сақталған кешенді мекеме. Музей Капитолия алаңында орналасқан, Микеланджело Буонаротти жобасымен салынған Палаццо нуово, Палаццо консерватория, Палаццо каффарелли деп аталатын ансамбльдік ғимараттарда орналасқан. Музей кешенінің тарихы папа Сикст ІV-ге 1471 жылы қала тұрғындары сыйға тартқан археологиялық коллекциядан басталады. Палаццо нуовода археологиялық заттар, Палаццо консерваторияда көркемсурет туындылары экспозицияланған, Палаццо каффарелли көрмелерді насихаттайды. Капитолия музейі антикалық туындыларға өте бай, мұнан ежелгі гректік, ежелгі римдік шеберлердің атақты «Спинарио», «Геркулес», «Өліп бара жатқан галл», «Капитолия қасқыры» жұмыстарын, антикалық философтар мен ақындардың бюсттарын көруге болады. «Капитолия Венерасы» атты антикалық мүсін әлемдік шедеврлер қатарында. Көркемсурет коллекциясы қатарында Тицианның «Христостың табынуы», Гвидо Ренидің «Әулие Себастьян», Гверчиноның «Петронилді өлтіру»,