Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Тәттігүл Картаева
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1737-3
Скачать книгу
сурет, жиһаз, қола бұйымдар, медальдар коллекциясы бар. Көркемсуреттердің негізгі дені 15-19 ғ. – ларға саятын итальян шеберлерінің туындылары, атап айтқанда, Лоренцо Лотто, Эваристо Баскенис, Джованни Морини, Каналетто, Антонио Пизанелло, Сандро Боттичелли, Андреа Матиньи, Рафаэль, Джованни Баттиста Тьеполо жұмыстары бар. 1991 жылы Каррар академиясына Қазіргі заман галереясы қосылған, ғимараты қарама-қарсы орналасқан. Бұл галерея экспозициясы 10 залдан тұрады, онда 20 ғ. – дағы итальян және шетел шеберлерінің жұмыстары қойылған, олардың қатарында Умберто Боччони, Джакомо Балла, Джорджо Моранди, Василий Кандинский, Джакомо Манцу жұмыстары бар.

      КАСТЕЛЛО СФОРЧЕСКО – Миланда орналасқан. Кастелло Сфорческоның 15 ғ. – да арнайы тапсырыспен салдырған ғимаратында орналасқан бұл музейде өнер туындыларының бай коллекциясы сақталған. Музей экспозициясын жасауға Донатто Браманте, Микеланджело Буанарроти сияқты атақты суретшілер қатысқан. Бүгінде Кастелло Сфорческо 4 музейден тұрады. Д`арте Аттика, Музыка аспаптары, Археологиялық қазбалар табылымдары және Пинакотека. Монеталар, жиһаздар, қолданбалы өнер туындыларының мол қоры сақталған, көркемсурет шеберлерінен Андреа Мантеньи, Чезар да Сесто, Джованни Беллотто, Каналетто, т.б. жұмыстары экспозицияланған. Микеоланджелло Буанароттидің «Пьетта Ронданини» атты аяқталмаған мүсіні әлемдік құндылықтар қатарында.

      КАТАЛОНИЯ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МУЗЕЙІ – Барселона қаласында орналасқан. Каталония Ұлттық өнер музейінің негізі 1934 жылы қаланған, қаладағы мәдениет орталығы болып саналады. Музей қоры қала аристократтарының коллекциясы негізінде құрылған. Музейге 1990 жылы Қазіргі заман өнері музейі қосылған. Экспозицияда 15-18 ғ. – ларға саятын қайта өркендеу, жаңа заман дәуірі туындылары, Каталония, Испания, Фландрия тарихына қатысты айғақтар, 19-20 ғ. – лар өнерінің озық үлгілері қойылған. Фрескалар коллекциясының ерекше түрлері сақталған. Музейде көркемсурет, нумизматика, фотоқұжаттар, кітапхана бөлімдері жұмыс істейді.

      Әдеб.: Александро Беттанью, Кристофер Браун, Франсиско Кальво Серральер, Франсис Хэскелл, Альфонсо Э., Перес Санчес. Прадо. М.: Слово, 2000.

       КВЕРИНИ СТАМПАЛЬ ГАЛЕРЕЯСЫ – Венециядағы ерекше музейдің бірі. 1869 жылы Кверини Стампаль коллекциясы негізінде құрылған, Үлкен Канал өзенінің сол жақ жағасында орналасқан. 20 залдан тұратын музей экспозициясында 14-18 ғ. – дағы итальян шеберлерінің туындылары қойылған, солардың қатарында Пальма Веккьюдің «Қасиетті пікір алысу», Андре Скьявонның «Әулие Павелдің бейнесі», Лоренцо ди Кридидің «Мадоннаға табыну», Пальма Джованның «Автопортрет» және «Адам және Ева», Джованни Батистаның «Дж.Кверини портреті», Пьетро Лонгидің «Жазықтағы аңшылық», Бернардо Строццидің «Балалы Мадонна», Джованни Беллинидің «Храмға алып келу» атты туындылары бар. Сондай-ақ Рафаэль, Тициан, Якопо Тинторетто, Паоло Веронез, Джованни Беллини туындылары әлемдік құндылықтар қатарында.

      КЕРУЕН САРАЙ – Азия құрлығында, Оңт. Еуропада, Қазақстан мен Кавказ елдерінде