ЖАҢА МУЗЕОЛОГИЯ – Шетелдік музеологияда 1980 жылдарында дәстүрлі музейлерді дамыту бағытындағы ізденіс нәтижесінде қалыптасқан жаңа бағыттағы музейлерді құру, жасау және дамыту. Қазіргі заманғы музейлер қызметі қоғамдық институт ретінде әлеуметтік қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жүргізілуде. Қазіргі заманғы музейлердің құрылымы, ұйымдастырылуы және қызметі негізінен сол қор жинағының бағыты мен мазмұнына сай қалыптасады. Музейлердің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі міндеті – коллекцияларды жүйелеу және зерттеу болып табылады. Оның нәтижесі музей қорындағы шығармалардың толық каталогында, ғылыми мақалаларда, музей жолсеріктерінде, буклеттерінде, арнайы ғылыми-көпшілік кітаптарда көрініс табады. Музейлер қазіргі таңда ғылыми-зерттеу бағыттарының тақырыптары аясында симпозиумдар, семинарлар, конференциялар өткізуді жүйелі жолға қойған. Музейлер тәжірибесінде мемлекеттер арасында мәдениет ісіндегі тәжірибе алмасу аясында мәдени диалог ретінде музей қорындағы коллекциялар көрмесін ұйымдастыру ісі қалыптасқан. Қазіргі таңдағы музейлердің ағартушылық ісі экскурсиялар, экскурстар, лекторилер жүргізуден көрінеді. Музейлер ғимараты арнайы жабдықталған кешенді орындармен, ғылыми-көмекші бөлімдермен, экспозициялық залдармен, қор сақтау орындарымен, көрме залдарымен, реставрациялық шеберханалармен, ғылыми кітапханамен, т.б. жабдықталады. Әлемдегі және еліміздегі музейлер жүйесін қазіргі өскелең заман талабына сай жетілдіру мен өркендетудің бірден бір жолы оның ғылыми-зерттеу негізін нығайтудан да көрінеді.
Музейлерді жаңа бағытта дамытуға деген ізденіс ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан басталды. Латын Америкасында «интеграцияланған музей» тұжырымдамасы жасалып, оның негізгі ережелері 1972 жылы Сантьяго (Чили)