– Мүмкін ол жануар шығар, – деді Батыра.
– Жоқ, мен оның денесін анық көрдім – адам сияқты тік тұрды, бірақ өте үлкен.
– Сенімдісің бе?
– Иә.
– Сонымен маған не демексің? – деді Батыра.
– Біз сонда барып, сен маған оның не екенін анықтауға көмектесесің, – деді Ерұлан. Батыра терең дем алып, күрсіне қайта шығарды:
– Сен ештеңеден сабақ алмайды екенсің, – деп оған қарады, – Ерұлан білесіңғой ондағы жануарлардың басым көпшілігіне біздің қару әсер етпейді – олардың қалың терісінен тіпті ең өткір деген қылыштарда пайдасыз, неге сені сонда тарта береді?
– Сол үшін мен қару жасадым, онымен бірге бізге ешқандай қауіп төнебейді.
– Қару?
– Соңымнан ер, саған көрсеткенім абзал болар, – деп Ерұлан орнынан тұрып, үстелдегі шамды алды да, Батыра мен бірге кітапханадан шықты.
– Сенің ойлап таппайтының жоқ, жарайды көрейік не екенін, – деп Батыра Ерұланның соңынан ерді.
Екеуі кітапханадан шықты да, ұзын дәлізбен жүре, оңға бұрылып, сарайдан шықты, алып қабырғамен қоршалған сарайды айнала, оның артына барды. Арт жағында қабырғалардың бұрышында орналасқан кішігірім ғимаратқа келді. Кірпіштермен өрілген, үлкен есік-терезесі бар, бірақ жақсылап жабылған ғимараттың есігін Ерұлан қалтасынан кілтін алып ашып, ішке кірді де, құрал-саймандары шашылған үстелге шамды қойып, қабырғада ілулі тұрған үлкен шамшырақты жақты, оның сәулесі бүкіл бөлмені өзінің жарығымен айқын етті.
Батыра айналасына көз жүгірте:
– Мына орынды ретке келтіру керек деп ойламайсың ба? – деді ол Ерұланға көз қырын тастай.
Онда әртүрлі темір құралдар шашылып жатты, тіпті Батыра байқаусызда ауыр темір заттардың біріне аяғын соғып алды.
– Жоқ, барылығы рет-ретімен тұр емес пе? – деді Ерұлан жымия. – Ал міне, біздің сұлуымыз, – деп бөлменің ортасында қара матамен жабылған үлкен заттың жанына келіп, оның бетінен матаны жұлып алды.
– Бұл не? – деді Батыра әлгі затқа жақындай.
– Бұл – Тазарлық зеңбірек.
– Тазарлық зеңбірек? Онымен не істемексің және неге Тазарлық зеңбірек?
– Себебі мен оны Тазар қаласынан әкелінген темірден жасадым, өзің де білесің, онда ең керемет темірлерді өндіреді.
– Сен мынаны толықтай өзің жасадың ба? – деді Батыра зеңбіректі айнала жүріп. – Оны қалай пайдаланасың, ол үлкен, өткір, бұрыштары да жоқ, өзі домалақ екен, мына үлкен тесік не үшін?
– Оны мен саған орманға барған кезде көрсетемін және оны пайдалану үшін ешқандай өткір бұрышты қажет етпейді, сендердің қылыштарың сияқты оны ары-бері сермеп те әуре болмайсың, ал енді саған өтінішім, осыны қаладан алып шығуға көмектес, сен қаладағы Даттан кейінгі әскербасысың, сені қаладан шығарда ешкім тексермес, – деді Ерұлан иегін сипай.
– Жетпегені