Бұл уақытта Ерұлан көпірге де жетіп қалды, алайда олардың қарсыластары да қалысар емес, ақырындап қуып жете бастады, қуғыншылар оларға оқ атуын тоқтатар емес, тек күшейте түсті, қала нағыз шайқас алаңына айналды.
Ұзын көшенің соңы жақындап, көпір де көріне, сол сәтте Ерұлан аттың жылдамдығын бәсеңдетіп сарбаздардың арасынан өтіп, қала бастады.
– Сендер шаба беріңдер, тоқтамаңдар, мен бір нәрсені бітіруім керек, – деді ол, оның іс-әрекетін көріп тоқтамақ болған жауынгерлерге, бұл жолы Ерұлан мен оның сарбаздарының жүзінен батылдық байқалды, олардың қанаттанғаны соншалықты, кез келген әскермен соғысатын күйде болды.
Арада аз уақыт өте олар көпірге жақындап, өзеннің арғы бетінде биіктігі орташа тастан жасалған қоршаудың екі жағында садақтарын тартып тізіле орналасқан атты сарбаздар көрінді. Өзен айтарлықтай үлкен болған жоқ, көлденеңінен отыз қадамдай шығады, ал ағаштан жасалған көпірдің үлкендігі Ерұлан мен оның сарбаздарына жылдам өтіп кетуге ешқандай қиындық тудырмады. Олар жақындай келе Батыраға қолдарына байлаған ақ мата көрінді, бірақ олардың арасында Ерұлан көрінбегендіктен, оның санасын күдік жайлады.
– Мұнда Ерұлан жоқ қой, мүмкін біз күдіктенбесін деп олар да ақ мата байлап алған шығар, – деді де, сарбаздарға атуға бұйрық бермек болып еді, сол сәтте:
– Батыра, дайындал! – деген айқайлаған дауыс, келе жатқан топтың арасынан шықты.
Батыра Ерұланның дауысын естіп:
– Ух, – деп бойындағы күмәні сейілді, бірер сәттен кейін олардың артына түскен қуғыншылар да көрінді. Ерұлан мен сарбаздары көпірді сілкіндіре өтіп, артында қалған Ерұлан көпірдің үстіне жарылғыш қапшығын тастап кетті де, сарбаздарының артынан барып.
– Садақтарыңды дайындаңдар! – деп бұйрық берді, олар артынан жетіп келген қуғыншылардың жақын жерге жеткенін күтіп, олар көпірге жақындаған сәтте.
– Атыңдар, – деген Батыраның дауысы шықты, жүзге жуық жебе тар көшеге қарай ұшып, қарсыластарының алдыңғы шебін жайратып салды, осы сәтте жарылыс болып, көпір ортасынан қирай өзенге опырылып түсті.
– Оларға оқ жаудырып, мұнда тұрудың қажеті жоқ, тездетіп қақпаға барайық, біз кішкене уақыт ұттық деп ойлаймын, – деп Ерұлан алдыға қарай ұмтылды.
Мұндай жарылысты бұрын-соңды көрмеген Батыра:
– Ерұлан, сен қып-қызыл жындысың! – деп қуана оның соңынан ерді.
Өзеннің жанында үлкен үйдің бұрышында Сұлу отырған күйме алдыға қозғалып, оны сарбаздар қоршай барлығы қақпаға бет алды. Батыра Ерұланның жанына жақындай:
– Сендерде ешқандай шығын болмаған сияқты ғой, – деді ол басын артқа бұра.
– Жоқ, өкінішке орай, бірнеше сарбаз мерт болды.
– Түсінікті, ары қарай не істейміз, қақпадан қалай шығамыз? Көпірді жарғандай, оны да жарамыз ба? – деді Батыра Ерұланға.
– Иә, дәл таптың, – деді Ерұлан, оның жүзі мұңды болды, Батыра