Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сағындық Қожамсейітов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785005105080
Скачать книгу
Қарсақбай жұмысшы балаларына арнайы ашылған мектепте оқуын жалғастырды. Шамалы айдан соң Қызылорда тәжірибелі-көрсеткіш тоғыз жылдық мектеп-интернатқа аттанды. 1933 жылы мектепті үздік бітіріп, Қарсақбайға қайта оралады. Басты мақсаты – апасы Назымға көмектесу. Қарсақбайға келісімен ауатком оны нысқаушы қызметіне қабылдады.

      Жергілікті атқару комитеті аштықтан зардап шегіп, Қарсақбайға ағылған қазақтарды мүмкіндігінше жұмысқа орналастырып, басқаларына көмек көрсету кестелері бойынша азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Бәрін аштықтан сақтап қалу мүмкін емес болғандықтан, ауаткомның тапсырмасымен Есенберлин Қарсақбайда шоғырланған аш халықты Жосалыға жөнелтумен айналысты.

      Қарсақбайда өткен еңбек жолы Есенберлиннің қаламынан туындаған тарихи романдарына үлкен әсер етті. Ондағы жазылған біраз оқиғалар қазақ ұлтының ұясы, ер бірлігінің ұйытқысы Ұлы даланың Ұлытауында өрбиді. «Көшпенділер» трилогиясының кейіпкерлері тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар.

      Дереккөз: Жезқазған қалалық МА қоры. М. Сейтжанов

      Есенов Бодық (1902, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Қумола ауылы – 1960) – соғыс ардагері. Еңбек жолын 1913 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытының атқорасында бақташы болып бастады. 1929 жылы темір жол жұмыскері, от жағушы, ауысым шебері, Қарсақбай темір жолы депосының бастығы. 1937 жылы Қарсақбай теміржол партбюросының хатшылығына сайланған. 1938 жылдың мамырынан 1941 жылдың қарашасына дейін еңбекшілер депутаттары Жезқазған ауатком төрағасы болды. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. 1945 жылы ІІ дәрежелі Отан соғысы және Қызыл жұлдыз ордендерімен марапатталған. Соғыс біткесін екі жыл Берлин қаласын қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан.

      Есенов Бодық

      Есімбаев Мұқыш (1906, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Қарсақбай ауылы – ө.ж.б.) Қарсақбай мыс қорыту зауытының орталық электр станциясында 1928 жылдан бастап жұмыс істейді. Әуелі 5 жыл 3 ай шуровшы болған, кейін турбина машинисінің көмекшісі, 1938 жылдың наурызынан турбина машинисі, 1951 жылдың наурызынан турбинаның аға машинисі. 7 санаттағы турбина машинисі сол уақытта біліктінің ең жоғарғы көрсеткіші еді. Есімбаев байсалды, ой-толғамы кең, аса ұқыпты жұмыскер болды. Міндетіне жауапкершілікпен қарады. Жұмыс істеген жылдарында еңбек тәртібін бұзу болмаған, турбинада апатқа жол бермеген. Есімбаев станцияның көп жылдар бойы стахановшысы болып табылады. Ленин орденімен, «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен (1946) марапатталған.

      Есімбаев Мұқыш

      Есімбаев Мұса (1910, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Терісаққан болысы – 2002) Қарсақбай мыс комбинатының нан зауытында нан пісіруші болған. 1942 жылы 5 мамырда Жезқазған аудандық әскери комиссариаты 32 жастағы Есімбаевты әскер қатарына шақырған. 1942—1945 жылдары жаумен