Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сағындық Қожамсейітов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785005105080
Скачать книгу
облыстық сотының 1941 жылғы 20 желтоқсандағы үкімімен ату жазасына кесілген.

      Суницкий Дмитрий Иосифович 1913 жылы Cпaccкi зауытында туған, Қарсақбай мыс қорыту зауытының телім бастығы, Қарағанды облыстық сотының 1941 жылғы 23 қарашадағы үкімімен ату жазасына кесілген.

      Фризен Генрих Исакович 1900 жылы Днепропетровск облысында туған, Қарағанды облыстық сотының Қарсақбайдағы бөлімінің бухгалтері, Қазақ КСР IIXK әскери трибуналы 1941 жылы 8 желтоқсанда ату жазасына үкім еткен.

      Дүйсембеков Қияс 1986 жылы Қарсақбай ауданында туған, Жезқазған кенттік кеңесінің төрағасы. IIXK Қарағанды облысы бойынша баскармасының үштігі 1937 жылы 20 тамызда ату жазасына кескен.

      Қайтанов Балмұқан 1911 жылы Қарсақбай ауданында туған. Жезқазған кенішінің асханасында жұмыскер. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1937 жылы 20 тамызда ату жазасына кескен.

      Осылай коммунизм идеясына, кеңес үкіметіне шындап берілген азаматтар әкімшілік жүйенің қанды шеңгеліне ілікті. Өмip өз заңымен өтіп жатты.

      «Азалы кітап». Қарағанды және Қарағанды облысы. Алматы. 1957.

      Жақыпов Құлмұханбет Кіртайұлы (15.04.1963, Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай кенті) 2003 жылы Қарсақбай металлургиялық зауыттың тұрғын үй шаруашылық теліміне тасқалаушы болып жұмысқа қабылданды. 2012—2016 жылдары сол телімде пеш салушы болып еңбек етті. 2016 жылдан бастап зауыттың жылы су қызметінде слесарь-сантехник болып істейді. Жақыпов еңбекте адал, зауыттың қоғамдық жұмысында белсенді, ел арасында беделді. Зауыт әкімдігі мен кәсіподақ комитетінің шешімімен талай рет ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталған.

      Жалпы білім беру ісі өткір тұрды. Өйткені Қарсақбай мыс комбинаты үшін кадр дайындау ең алдымен жалпы білім беруді ұйымдастыру, сауатсыздықты жою, кәсіптік-техникалық білім жүйесін қалыптастыру болды. Алғашқыда Атбасар уезі халық-ағарту бөлімінің бюджетінің тапшылығы сондай, Қарсақбайдағы жалғыз мектепті мыс кәсіпшілігі зауыт басқармасының қарамағына берген. (Ақмола облысының мемлекеттік архиві, қ-115, т.1. Іс-130а, 3 бет). 1926—1927 оқу жылында Қарсақбай ауданында мектеп жасындағы балалардың 14 пайызы, сауатсыз ересектердің 9 пайызы оқуға тартылған.

      Қарсақбай орта мектебінің бірінші түлектері – Х. Сатбаева, А. Филипович, Г. Волошина, т.б.

      1926—1927 оқу жылында он бастауыш мектеп жұмысістеді. Олардағы 15 мұғалімнің тек екеуінде ғана арнаулы білім бар еді.

      Барлығы 413 бала оқыды. Қарсақбайда панасыз балалар үйі, бір оқу қосы, екі сауатсыздықты жою нысаны болды. Комбинаттың өзінде 15 оқытушы өндірісте істейтін сауатсыздарды оқытумен шұғылданды.

      1927 жылы 19 қаңтарда Қазақ АКСР-інің Комиссарлар Кеңесі Қарсақбайдағы мектептердің барлығын 1927—1928 оқу жылынан бастап мемлекеттің бюджетіне алу жөнінде шешім қабылдады. 2 мектеп ғимаратын салып, оның біреуіне мектеп-интернатты орналастыру белгіленген. Қарсақбай болыстық атқару комитеті жергілікті бюджеттен №4 мектеп ғимаратын тұрғызуғы, мешітті мектеп ашуға лайықтауға, №12 ауылда мектеп