Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сағындық Қожамсейітов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785005105080
Скачать книгу
Қарсақбай аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі. ҰОС бастан-аяқ қатысқан. 1946 жылы Қарсақбай мыс зауыты партбюросының, 1947—1955 жылдары Жезқазған, Жаңаарқа аудпартком хатшысы, екінші хатшы, 1955 жылы Қоңырат аудандық Сталин атындағы ұжымшардың төрағасы, 1958—1965 жылдары Жезқазған қаласы аткомының төрағасы, 1965—1973 жылдары Жезқазған кен-металлургиялық комбинаты директорының орынбасары, 1973 жылдан зейнеткерлікке шыққанша Жезқазған облатком төрағасының орынбасары, Жезқазған – Ұлытау өңірінің экономикасын, халықтың тұрмысы мен мәдениетін көтеруге үлкен үлес қосқан. Қазақ КСР Жоғары кеңесі депутаты (1963), І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы», екі мәрте Қызыл жұлдыз, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет Белгіс»і ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» және т.б. медальдармен марапатталған.

      Жанбосынов Жүсіп – Қарсақбай зауытын ұлттандыруға қатысқан жергілікті коммунистік топ мүшесі. Ұшы-қиыры жоқ меңіреу далада қаңтардың қақаған үскірігі мен аласапыран дүлей боранына кезіккен фельдшер Деев пен оның жолбасшысы Жұмабай қанды ауыз аш бөрілердің қамауында қалады, бір түйесінен айырылып, ажал тұзағынан әрең дегенде құтылады. Деевті ажал аузынан, дала қорқауларының қанды шеңгелінен құтқарып қалушы қарапайым қазақ жігіті Жанбосынов болатын. Ұяла езу тартып, сенімді шыраймен сәлемдескен қазақтың қолын қатты қысып тұрып Деев оның жүзінен ізет – бауырластықтың, кіршіксіз достықтың нышанын таниды. Жүсіптің лашық үйіне келген Деевті ауылдың меймандос кәрі-жасы таза көңіл, жылы шыраймен қарсы алады. Сөйтіп, орыс пролетариатының өкілі Иван Васильевич пен қазақ еңбекшілерінің достасуы дәл осылай басталады.

      Деевтің Қарсақпайдағы ағылшын концессионер қоғамында қызмет істейтін большевик Прохор Иванович Холмецкиймен танысуы оның біріншіден революциялық қызметін әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік берсе, екіншіден Қарсақпай, Байқоңыр кеніндегі астыртын ұйымның негізін қалауға, сондай-ақ оған қазақ шахетрлері Жүсіп Жанбосынов, Нұрмағамбет Саусақов, Қапланбек Бәтешев секілді кешегі жалшы жігіттерді тартуға толық жағдай жасайды.

      Осыдан былай қарай Жанбосыновтың бүкіл өмірі мен күрес жолы жаңа бағыт алады.

      Жанғалин Мүктар Омарұлы (1910, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №2 ауыл – ө.ж.б.) 1923 жылға дейін анасының қолында болған. Әкесі Омар Жанғалин Ташкентте мұғалімдер семинариясын бітірген. Қазан төңкерісінен кейін Перовскі (қазір Қызылорда) қаласында панасыз балалар оқитын мектеп-интернаттың меңгерушісі болған. Күзектен 1921 жылы қайтыс болған. Сол уақытта мұғалім отбасы ретінде шешесі мен балаларына мемлекеттік пенсия тағайындалған.

      Жаңғалин 1932 жылы қаңтарда Қазақ педагогикалық институтының тарихи-экономикалық факультетін бітірген. Мемлекеттік тапсырыс бойынша Қарсақбай жұмысшы қалашығына келеді. Фабрика-зауыт мектебінің директоры болып тағайындалады. Сонымен қатар кен-металлургия техникумы директорының міндетін қоса атқарады. 1935 жылы мамырда Қарсақбай мемлекеттік мыс балқыту комбинаты директорының көмекшілігі қызметіне жоғарлады.

      1935 жылғы