Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сағындық Қожамсейітов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785005105080
Скачать книгу
болып істеген. 1938 жылы кен алаңына бастық, 1957 жылы кен алаңы кентасты уату-транспорт цехы болып қайта құрылғанда цехтың техникалық жетекшісі, көп ұзамай бастығы болып тағайындалды. Жанділдинов кәсіпорынның бұл буынының бірқалыпты өнімділікпен, сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Зауыт ұжымы арасында үлкен беделге ие болды. Жанділдинов басқаратын цех өндірістік тапсырманы үнемі 135—170% асыра орындап отырды. Социалистік жарыста жоғары өндірістік көрсеткіштерге жеткені үшін үш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1940,1946,1958) марапатталған. Еңбек Қызыл Ту орденінің (1953), «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» (1946), «Ерлік еңбегі үшін» (1949) медальдарының иегері.

      Жанділдинов Сейіт

      Жанпейісов Қозыкен (1908, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Кеңгір болысы – ө.ж.б.) – құрметті металлург. 1929 жылы Қарсақбай мыс комбинатына қара жұмыскер болып жұмысқа орналасқан. 1930 жылы металлургиялық цехқа жұмысқа шақырылды. Бесаспап металлург болды, кіші фурмашы, конверторшының көмекшісі, аға горновой, аға балқытушы, аға конверторшы. Еңбек кітапшасында тек бір цехта жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққаны көрсетілген. Оның сапалы өнімі, қажырлы еңбегі, ерекше жұмыс қабілеті металлургтер аузында аңыз болып қалды. Ленин орденімен, медальдермен марапатталған. Сәтбаев қаласында атақты металлург атындағы көше бар. 2008 жылы Қ. Жанпейісовтың туғанына 100 жыл толған атаулы күнді жұртшылық салтанатпен атап өтті.

      Жанпейісов Қозыкен

      Жәкеева Сақып (05.11.1941, Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Қарсақбай кенті) еңбек жолын 1960 жылы Қарсақбай мыс зауытының телефон станциясында телефонистка болып бастады. 1974 жылдан бастап байланыс машина қондырғыларын жөндеуші. 1986 жылы Жезді байланыс торабына электрмеханик болып жұмысқа қабылданды. Сол жылдары халық депутаттар Жезді аудандық Кеңесіне депутат болып сайланды. 1994 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін «Жезқазғантүстімет» АҚ-нда еңбек етті. Еңбек кітапшасы еңбекте жеткен көрсеткіштері үшін берілген алғыстарға толы. Қ. Сәтбаев атындағы тау-кен комбинатының, Қарсақбай зауытының, «Жезқазғантүстімет» АҚ-ның басшылықтары Жакееваның еңбегін жоғары бағалап бірнеше грамоталар және алғыс хаттармен марапаттаған.

      Жәкеева Сақып

      Жезқазған кен-металлургия комбинаты – одақтық маңызы бар түсті металлургияның ірі кәсіпорыны. Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинаты Жезқазған мыс кен орнын игере бастады. Әуелде жаңадан іске қосылған мыс қорытатын зауытты мыс кентасымен қамтамасыз ету мақсат болса, Қ. Сәтбаев бастаған геологтардың Жезқазғанда Одақта теңдесі орасан мыс кені қорын ашуына байланысты Үлкен Жезқазғанның комбинатының құрылысын бастау күн тәртібіне қойылды. 1936 жылы құрылыс басталғанымен оның қарқыны мен көлемі өте мардымсыз болды. Тек 1938 жылы №31 және көмекші №32, қуаты одан күштірек «Покро-центр», «Петро-центр» шахталарының проходкасы құрылысы қарқын алып, 1940 жылы алғашқы өнімді берді. Уақытша