Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сағындық Қожамсейітов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785005105080
Скачать книгу
Сауле Батталқызы – филология ғылымдарының докторы. Қарсақбайда туған. Мамандықтары: «Орыс тілі және әдебиеті: қосымша «Педагогика», «Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі». Жезқазған педагогикалық институтын үздік (1983) дипломмен тамамдап, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасында еңбек жолын бастады. М. Әуезов шығармашылығының зерттелуіне арналған кандидаттық диссертациясын (1991), «Қазақ драматургиясындағы тарихи тұлғаның көркем тұжырымдамасы» деген тақырыптадокторлық диссертациясын (2006) қорғады. 1997—2008 жылдары қазақ филологиясы факультетінің деканы, 2008 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі «Әдебиеттану және тіл білімі» ғылыми – зерттеу институтының директоры.

      Дәуітова Сауле

      Ғылыми ізденіс салалары: әдебиеттану, қазақ әдебиетінің тарихы, әдебиеттерді салыстырып зерттеу, тарихи драматургия мәселелері, түркология, педагогика, білім саласы. Дәуітов қазіргі компаративистика үрдістері арнасында қазақ тілі мен әдебиетін зерделеуге, әлем бейнесін мәдениеттану тұрғысынан тіл және әдебиет мүмкіндіктері арқылы ұғынуда жаңа ғылыми парадигманы қалыптастыруға бағытталған ғылыми зерттеу жұмысын басқарды.

      «Түркілік мұра – әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі» (2009—2011), «Жоғары мектептің филологиялық білім беру жүйесін ақпараттандыру» (2012—2014), «Әлемнің әдеби-тілдік бейнесі – жас ұрпақ тәрбиесінің рухани қайнар көзі» (2012—2014) республикалық іргелі-ғылыми жобаларының ғылыми жетекшісі болды.

      Дәуітов «Әдебиеттегі әлемнің көркем бейнесі – гуманитарлық құндылықтардың қайнар көзі (Художественная картина мира в литературе как отражение гуманистических ценностей)» деген тақырыпта Испанияның Сантьяго де Компостело университетінде ғылыми жоба орындады. Біліктілікті жетілдіру курсында АҚШ, Англия. Польша. Италия. Бразилия т. б. мемлекеттердің ғалымдарымен әлемдік филология бағыты туралы өз тұжырымдамаларын көпшілік ғылыми ортаға ұсынды. Осы және басқа бірқатар шетел университеттеріне университеттің студенттері мен оқытушыларына және докторанттарына арнап, «Қазақ әдебиетіндегі әлемнің көркем бейнесі», «Абай поэзиясының жалпыадамзаттық маңызы», т.б. тақырыптарда арнайы курс оқыды.

      Дәуітов теориялық және қолданбалы ғылыми жобалардың жетекшісі, атап айтқанда: «Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар – көркем шығарма контексінде» (2009), «Н. Ә. Назарбаев еңбектерінің еліміздің оқу-тәрбие жүйесін дамытудағы маңызы» (2010), «Тәуелсіз Қазақстан: тіл саясаты» (2011), «Латын графикасы бойынша өзге тілдік қоғамдық – саяси лексиканы қазақша айтып жазу қағидалары» (2013), «Ғылыми-техникалық терминдерді латынша жазу жобасы» (2014).

      Дәуітов үш монографияның, бірнеше оқу құралының, 100 аса ғылыми мақаланың авторы, 13 шетелдік сертификаттың иегері

      Деев Иван Васильевич (1884—1972) – ішкі Ресейден «саяси сенімсіз адам» ретінде жер аударылып, 1913 жылы Байқоңыр көмір ошағына жіберілген. Мамандығы – фельдшер. Жергілікті ауруханада жұмыс істеген. 1914 жылы жұмысшылар арасынан большевиктерге тілектес