Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сағындық Қожамсейітов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785005105080
Скачать книгу
Далабаев «Мені Абайға жақындатып, оны сүйіп оқуға себепкер болды» деп жазды. Қ. Сәтбаев, И.В.Деев сияқты ірі тұлғалармен аралас-құралас, жолдас болған. Ұлытау ауданы ұйымдастырылғанда туған жеріне оралып, ұжымшар төрағасы, ферма басқарушы, бригадир болып еңбек етіп, аудан мал шаруашылығын дамытуға еңбек сіңірді.

      Далабаев Шенеу

      Ө. Мұқанов.

      «Даладағы дабыл» – құжаттарға негізделген көсемсөз романы «Жазушы» баспасынан үш мәрте жарық көрген. Кітаптың авторы – академик Мұхамбетжан Қаратаев. Тарихи деректерді негізгі конструкция бөлігі етіп алған шығармада Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ елінің тұрмыс-тіршілігі баяндалады. 1913 жылы Москвадан Байқоңырға жер аударылып келген И.В.Деевтің көргендері мен басынан кешкендері кітаптың арқауы етіп алынып, қазақ жерінде А. Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысының белсенді тұлғаларының іс-әрекеті баяндалады. Кітаптың «Самородок», «Халық көзімен», «Будақтайды түтіні Қарсақбайдың», «Болашаққа саяхат» тарауларының өзі әңгіме Үлкен Жезқазғанның қалыптасу және даму кезеңдері жайлы екенін баяндайды, «Даладағы дабылдың» 1981 жылғы соңғы басылымының көлемі 25 б.т.

      Дәулетбаев Қайырбек (т.ө.ж.б.) – тұңғыш сайланған Қарсақбай аудандық К (б) П комитетінің бірінші хатшысы. Арнаулы техникалық білімі болмаса да Атбасар уездік пен Ақмола губерниялық партия комитеттерінде біраз жыл істеп, тәлім-тәрбие алған, ысылған, ұйымдастырушылық қабілеті мол, жігерлі жас жігіт болатын. Дәулетбаев бастаған аудандық партия комитетінің құрамы Қарсақбай комбинаты құрылысын бітіру жолындағы ең өзекті мәселелердің төңірегіне аудан партия ұйымы мен комбинат басшыларының назарын үнемі аударып отырды. Сол кездегі бұл саладағы ең қиын мәселе, бұрынғыша, өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшыларға азық-түлік мәселесі еді. 1926—1927 жылдардың елді жұтқа ұрындырған, боранды-аязды ауыр қысы бұл жұмыста одан әрі қиындата түсті. Аудандық партия комитеті құрылған 1926—1927 жылдардың қысы ерте түсіп, даланы қалын қар басып, одан әрі жаңбыр жауып, көктайғақ болып, Атбасармен екі арадағы жол қатынасы үзілді. Осының қырсығынан комбинат бірнеше ай бойы Атбасардан азық-түлік ала алмады. Мұның өзі комбинат құрылысына кідіріс жасау хаупін туғызды. Бірақ осындай аса бір ауыр қиындықтарға қарамастан комбинат құрылысы бір күнде, бір сағатта тоқтаған жоқ. Барлық коммунистер мен аудан активтері, комбинат басшылары үнемі құрылысшылар арасында болып, қолдан келген мүмкіндікті жасай отырып, қыс қиыншыларын жұмысшылармен бірге жүріп атқарысты.

      Ә. Әміралин. Арқада туған алып. Қарағанды, «АРКО» ЖШС. 2011 ж.

      Дәуітбаев Батырбек (т.ө.ж.б.) – Қарсақбай мыс қорыту зауытында қазақтар арасынан шыққан тұңғыш аға горновой. Бүкіл өмірі ауыр бейнет пен күрес үстінде өткен өз заманының жайсаң жігіттерінің бірі. Атбасар қаласының түбіндегі Лепин қалашығындағы Илья Фаутов деген көпестің тері зауытында бұғанасы қатпаған бала кезінен жұмыс істеген. Орысша сауат ашып, орыс тілін