Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сағындық Қожамсейітов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785005105080
Скачать книгу
БГТО және ГТО төсбелгілері нормаларын 1844 жұмысшы-қызметкерлер, оқушылар ойдағыдай тапсырды. 171 кіші командирлер, 6303 атқыштар, оның 525 автоматшылар, 323 минометшілер, 643 жекпе-жек сарбаздары дайындалды, олардың қатарында 875 әйел болды.

      Денсаулық сақтау ісі. «Байқоңырда амбулатория және оның аптекасы бар. Қарсақбай болаткомы жанында фельшер жұмыс істейді. Қарсақбайда да, Жезқазғанда да амбулатория және дәрі-дәрмек жоқ. Дәрі-дәрмекті Байқоңырдан алады». (Комбинаттың 1928 жылғы инвентаризация құжаттарын тексеру комиссияның қорытындысынан ҚР ОМА, қор 874, т 1, бет – 27).

      Қазақ АКСР Еңбек наркоматының 1927 жылғы қыркүйек айында дайындалған баянхатында Қарсақбайда 16 төсектік, оның ішінде біреуі босанатын әйелдерге арналған, Байқоңырда үш төсектік аурухана, Жезқазғанда амбулаториясы істеп тұрғаны атап көрсетілген. Үш дәрігер, бір акушерка, екі дәрігердің көмекшісі болған.

      1933 жылы Қарсақбайда 40 төсектік жаңа аурухана үйінің құрылысы аяқталды. 1933 жылдың аяғында арнаулы білімі бар 8 дәрігер, акушерка, тіс дәрігері, 4 медбибі, оның бір операциялық медбибі жұмыс істеді. Аптека ашылды. 1940 жылы ауруханада төсек саны 75-ке жетті.

      Дәрігерлер қарсақбайлықтардың денсаулығын қорғау, ауру-сырқаудың алдын алу, санитарлық жағдайды жақсарту жолында тынымсыз, әрі нәтижелі жұмыс істеді.

      Мұнда хирургтар В.Г.Власенко, К.В.Соломин, Ф.М.Мацебура, дәрігерлер А.И.Иванова, Н.И.Николаева, М.И.Копдович, медбибі Т.Д.Улаева, И.Д.Дынкина, А.И.Зальман, т. б. Гиппократтың антына адал денсаулық сақшыларының есімі қарсақбайлықтар ұмытқан жоқ.

      Осында болашақ Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген дәрігерлер А.П.Брылина, Ө. Мұқанов, Д. Ахметов, КСРО денсаулық саласының үздіктері З. Жанысбаев, Г.Т.Майш, С. Атабаев, т.б. еңбек жолын бастады.

      Терапевт дәрігер Елемес Құрманбаевтың есімін ерекше атап өтуге тұрарлық. Ол 1975 жылдан отыз жыл бойы Қарсақбай кенттік ауруханасының бас дәрігері болды. Мыс зауыты жабылып, жаңа металлургиялық кәсіпорын қалыптасып жатқанда нарық еніп, кеңестік қатынастар өзгеріске ұшырағанда аурухананы сақтап, қызметін төмендетуге жол бермеді.

      Қарсақбай кенттік ауруханасының негізінде отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылған.

      Доспанов Қойшыбек (1928, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Кішітау ауылдық кеңесі) – металлургтер әулетінің басы. 1943 жылы қарашада Қарсақбай мыс зауытының темір жол цехында жұмысшы болды. 1952 жылы зауыттың металлургия цехына ауысты. Онда шихта тиеуші, горновой, балқытушы. Кейін Жезқазған мыс зауытында 1975 жылы зейнеткерлікке шыққанша 8-санатты аға балқытушы болып жұмыс істеді. Бүгінде ұлдары мыс зауытының металлургия цехында еңбек етеді. Әулеттің «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарындағы еңбек өтелі 400 жылдан асады. Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген металлургі.

      Доспанов Қойшыбек әулиетімен бірге

      Дрейман Рудольф Ансович (1887, Курляндия губерниясы – 1938) – Қазақстан