Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1635-2
Скачать книгу
дастаны арқылы халық арасында танымал болды. Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтеріліс куәгері ретінде ол өз шығармасында Кенесары мен Наурызбайдың көтеріліс басындағы жеңістері мен соңғы жеңілісі туралы баяндайды. Ресей патшалығының қазақ даласындағы отаршылдық саясатына қарсы идеялық күрестің реалистік жаңа бағыттағы ақындар қатарында Жанақ Сағындықұлы (1770-1846 ж ), Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895 ж.), Сүйінбай Аронұлы (1815-1898 ж.) сияқты ақындардың шығармаларын атап көрсетуге болады. ХІХ ғасыр ақындарының поэзиялық шығармаларында халық өміріндегі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелермен қатар Ресей әкімшілігінің экономикалық, саяси және рухани бағыттағы отаршылдық саясатының әрекеттері әшкереленіп, халық арасында тарады.

      Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған зар-заман ақындарына М. Әуезовтің берген бағасы бойынша «Зар заман поэзиясы» да қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдері – Дулат Бабатайұлы (1802-1874 ж), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881 ж.), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1909 ж.), Әбубәкір Кердері Шоқанұлы (1858-1912 ж.)71. Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар болды. Ахмет Байтұрсынұлының «Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында» деп тұжырымдағаны сияқты бұл ақындар да қара басын күйттеген ақын емес, халқының үнімен елдің мұңын жеткізуші болды. Жүз жылға созылған зар заман дәуірінің ақындары халықтың басына түскен қайғы-қасіретті тарығу сарынымен жырлады. Зар заман ақындары өмір сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа», «Әттең, бір қапы дүние-ай» сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы тұрса, Дулат Бабатайұлы «Бейшара менің қазағым», «О, Сарыарқа, Сарыарқа» өлеңдері арқылы қазақтың ауыр тұрмысын бейнелейді. Дулат Бабатайұлының шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, білім мен надандық мәселелері қарастырылды. Ал Шортанбай ақын «Зар заман» шығармасында адамгершілік мәселесін көтере отырып, Ресей империясының отарлау саясатына қарсылығын өз шығармаларында көрсете білді. Оның басты себебі қазақ қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтары да көрсетілді. Зар заман өкілдерінің қатарындағы ақын Мұрат Мөңкеұлының да шығармаларында қазақ жерінің талан-таражға түскендігі қарастырылады72. Әбубәкір Кердері Шоқанұлының шығармалары зар заман тұсындағы адамдардың менталитетіндегі өзгерістерді және сол уақыттағы жағымсыз құбылыстарды сынау арқылы халықтың жағдайын көрсету бағытында болды. Мысалы, «Қазағым, қапыл болмаңыз», «Әдеби қазақия» шығармаларында халық арасында білім және оқуды насихаттау мәселесін көтеруді басты мақсат етеді. Қорытындылап айта кететін болсақ, зар заман ақындары көшпенді халықтың әлеуметтік-философиялық дүниетанымы мен ойлары арқылы қазақ ұлтының қоғамдық санасының қалыптасуына, қоғамдық ойдың дамуына, келешек ұрпақтың гуманистік,


<p>71</p>

Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991.

<p>72</p>

Омарұлы Б. Мұрат Мөңкеұлы. – Алматы, 1993.