Бөкей ордасы кең көлемді құмды аймақты алып жатты және салыстырмалы түрде аз ғана территория отырықшылық пен жер өңдеуге жарамды болды. Айналасы тұйықталған территория, орыстың ауылдары мен помещик жерлерімен тығыз қоршалып, көшпенді мал шаруашылығымен айналысуға кедергі жасады. Патша үкіметінің қолдау көрсетуі аз болғандай ірі феодалдық таптар өктемдік жүргізуді және қанаушылық әрекеттерді күшейтті. Қазақстанның облыстарында дәл Бөкей ордасындағыдай қанаушылық пен өктемдік көрсетудің қатаң формасы болмаған. Хан және оның жақтастары жер өңдеуге пайдаға асатын ортақ жерлерді жаулап ала бастады. Осылайша, Жәңгір хан 400 000 десятина, Қарауыл қожа 700 000 десятина жер иеленді. Жәңгір хан өз билігі тұсында әр түрлі тұлғаларға жерді иеленуге 1517 акті берді.
Орданың тұрғындарына қатаң салық салынды: «зекет» салығы – жылына 115 000 мың сом түсетін мемлекеттік салық түрі, «соғым» хан мен оның шенеуніктерінің жағдайын қамтамасыз етуге мал түрінде алынып отырды. Хан өзінің пайдасына жыл сайын 4000 жылқы мен 24 000 қой жинады. Бұл тек «соғымның» тіркелген саны ғана, ал негізінде оның саны бұдан да жоғары болды34.
1827-1829 жылдары Ішкі ордада көтерілістің алғашқы толқыны өтті. Қазақ ауылдары Оралдың ар жағынан келе бастады. Старшын Серкеш Жақсыбайұлы Орал әскерінің атаманы Бородинге «Оралға өтудің себебі хан тарапынан қысымшылықтың көрсетілуі; әділетсіз және салық төлеушілердің жағдайын ескермейтін салықтың салынуы» деп түсіндіреді. Қатаң жер дағдарысы, салық ауыртпалығы, жерді тартып алу, феодалдар арасындағы талас-тартыстар 1836 жылы көтерілістің бастауына түрткі болды. Көтерілісті бастаған батырлар Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы еді.
Исатай Тайманұлы // Дерек көзі: http://religioved.com
Исатай Тайманұлы (1791-1838 ж. 12 шілде) руластары арасында жоғары қабілетімен ерекшеленген, 1812 жылы Жайық тармағының старшыны қызметіне Бөкей ханның қалауымен тағайындалды35.
Исатай батырдың жақын серігі, ақын Махамбет Өтемісұлы болды (1803 ж. 20 қазан және 1846 ж.), ресейлік құжаттарда Мухамед Утемисов деген атпен тіркелген. Ол татар және орыс тілдерін меңгерген. Хиуада жүріп, Орынборда тұрған. Махамбет батыр орыс жазушысы мен этнографы В.И. Дальмен және ғалым-саяхатшы Г.С. Карелинмен таныс болған. Алғашқы білімін медреседе алған. Оқуын Орынборда жалғастырып, кейін 1824 жылы танымал ақынды Бөкей ордасының ханы Жәңгір өзінің ұлы – Зұлхарнайға тәлімгер етіп Орынборға жібереді. Осы жерде Махамбет Өтемісұлы орыс тілін меңгеріп, орысша сауат ашады. Сонымен бірге өте діндар адам болған, ислам қағидаларын өте жақсы білген. Ол бес жыл көлемінде ханның