Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1635-2
Скачать книгу
Нарын жеріндегі Хандық ордадағы 1832 жылы 29 тамызда ұйымдастырылған жәрмеңке болды. Жыл сайын оларды өткізу мерзімі 9-25 мамырға дейінгі және 14-25 қыркүйекке дейінгі аралықта белгіленді. Жәрмеңке Ішкі орданың Хан ордасы жанында өткізіліп, ол қазақ халқының отырықшы өмір салтының үлгісі болуы тиіс еді. Жәрмеңкенің енгізілуі Жәңгір ханға қазақтарды басқарудың ыңғайлы тәсілі болды. Барлығы бір орында шоғырлануы көпестер тарапынан алдаулар мен жалғандықтар жасауда қиындықтар тудыратындығы сынды тиімді жақтарды көре білді. Ішкі орда орталығында жәрмеңке құрудың рұқсат етілуімен аймақтық және орталық билік далада сауданың ғана дамуын көздеген жоқ, сол секілді қазақ халқына саяси билікті тарату міндеті де маңызды орында тұрды.

      Хандық орда жанындағы жәрмеңке тек орыс-қазақ арасындағы ғана емес, сол секілді орыс, Орталық Азиялық сауда орталығына айналып, айналымы ХІХ ғасырдың 30-жылдарының ортасына қарай 2 млн сомды құрады.

      Сатып алушылар Мәскеу, Ярослав, Қазан, Саратов, Самара, Астрахань, Орынбор, Сібір, Тамбов, Воронеж, Нижегородск, Кострома және басқа да губерниялардан ағылып жатты, сондай-ақ Хиуа, Самарқан, Бұхарадан көпестер келіп жатты. С. Зимановтың атап көрсеткеніндей, 40-жылдарға қарай Хандық орда толық мағынасында көпестік ауылдық мекенге айналды, 1846 жылы 89 үйдің 31-і саудагерлерге қарады, 46 сауда орны, тауарлар үшін 19 қоймалық жай да олардың қарамағында болды.

      Жәңгір хан қазақ хандарының алғашқыларының бірі болып Ішкі ордада қазақтардың мәдени өмірінің жаңаруына бастамашы және жүзеге асырушы болды. Еуропалық білімі болған Жәңгір хан қазақтар орыс тілін, мәдениетін білмей өздерінің мүдделерін қорғай алмайтындығын және орыс саудагерлерімен, аймақтық әкімшілік шенеуніктерімен келіссөздер жүргізе алмайтындығын жақсы түсінді. Сондықтан да Ішкі орданың басқарма жүйесінде сауатты қазақтарды дайындау ханның білім беру саясатына енді. Бірінші кезекте Ішкі ордада мектеп ұйымдастыру басталды (бастапқы мұсылмандық мектептер), сонымен бірге бағдарламаға рухани пәндермен қатар жаратылыстану және орыс грамматикасы енгізілді. 1835 жылы Хандық ордада басында ахун болып табылатын мешіт салынды, оның міндетіне мектептердегі молдалардың жұмысын қадағалау кірді.

      1841 жылы 6 желтоқсанда Хандық ордада қазақ балалары үшін мектеп ашылды, онда «Мұхаммедтің діни ілімін оқудан басқа басты пәндер санатында міндетті түрде орыс тілі, арифметика, география, тарих және басқа да ғылымдар болды». 1841 жылы мектепте 30-40 бос орында 12 ұл бала оқыды, ал 50-жылдары 30 адам оқыды. Оның шақыртуымен мектептің меңгерушісі және бірінші мұғалімі Константин Ольдекоп болды. 1841 жылғы 6 желтоқсандағы № 1848 нұсқаулығында Жәңгір былай деп жазды: «… Сізге оқушылардың жүріс-тұрысы мен әр қылықтарына қадағалау орнатуыңызды, олардың міндеттерді орындатқызуда орыс оқу мекемелерінде орын алатын іс-шараларды қолдануға рұқсат етіп тапсырамын…»28. Жәңгір хан құрған мектеп қазақ интеллигенциясының алғашқы шоғырының қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Көбінесе осы


<p>28</p>

Евреинов А. Внутренняя или Букеевская, киргиз-казачья Орда // Журнал для чтения воспитанникам военно-учебных заведений. – 1852. – № 379. – С. 338-370.