1842 жылдың соңында орынборлық әскери губернатор Перовскийдің орнына генерал-лейтенант Обручев тағайындалды. Оның тұсында Кенесарының патша үкіметі арасындағы қарым-қатынасының қыр-сыры ашылды.
Кенесарыға қарсы патша әскерінің қимылы. 1843 жылдың басында Кенесары Батыс Сібір губернаторлығының шекаралық шебіне шабуылын күшейтті. Ресейдің қоластындағы жаппас руынан шыққан Алтайбай Күбековтің ауылын қиратты. Алтайбай сұлтан қаза болды. Ал Кенесары Қоқан хандығына қарсы шабуылдарын тоқтатпады39.
1843 жылдың 10 шілдесінде орынборлық әскери губернатор Обручев бүлікті ұйымдастырушы сұлтанға қарсы әскери старшын Лебедевтің басқаруымен 300 адамнан құралған эскерді аттандырады. Әскер Кенесарымен Ырғыз өзені жағалауында кездеседі. Кенесары орыс әскерімен қақтығыстан бас тартып, Лебедевті алдайды. Кенесары Патша бұйрығына бағынатынын, Ресейдің қоластында қалатынын, Орынбор ведомствосының шекарасына көшетінін айтып көндіреді.
Орынбор губернаторы Обручев Петербургке сұлтанның мойынсұнғанын хабарлайды. Алайда Кенесарының Орынбор шебіндегі қарсылықтары барлығына жария болады.
Кенесары Қасымұлының портреті (Рязанов А.Ф. Восстание Кенисары Касымова (1837-1847 г.) // Исторический очерк. – Алматы, 1993. – 32 с.
Обручев Нессельроде канцлеріне Кенесары көтерілісін басуға әскери көмек сұратады.
Сонымен бірге Обручев Кенесарының үлкен әскері жасақталғанын және Орынбор бекінісіне қауіп төніп тұрғанын ескертеді.
Бұл кезде Кенесары әскері үлкен күшті қолға айналды. Оған бағаналы, арғын, табын, тама, байбақты, шекті, шөмекей және т.б. рулардан құралған 5 мың ауыл жиналды.
27 маусымда І Николай Кенесарының басын алуға кибиттік соборды қаржыландырып, соғысқа аттандырады. 1843 жылдың тамызында Кенесарының әскерін жою мақсатында Орынбор даласына 5 мың адамнан құралған билеуші сұлтандар Жантөрин, Баймахамбет Айшуақұлы, полковниктер Генс пен Бизянов бастаған әскер аттанады. Басқа отрядтар Омск, Петропавл және Қарқаралы жағына бағытталды.
1843 жылдың 1 және 7 қыркүйегінде Орынбордан шыққан орыс әскерлерімен шайқас басталады. Шайқас барысында екі жақтан да адам шығыны көп болды. Екі жақ әскери қимылдарды тоқтатып, тарап кетеді.
Қалған орыс әскерлеріне Кенесарымен шайқасудың сәті түспейді. Ол өзінің қулығын іске асыра жүріп, қарсыластарын жаңылыстырады. Орыс әскерін шаршатып, тірідей жайратып тастайды. Әбден әлсіреген жауынгерлер ерте күзден бастап әскери қимылдарын тоқтатып, қыркүйек айында қазақ даласын босатады. Кенесарыға қарсы ұйымдастырылған әскери қимылдарды 1844 жылдан бастап қайта жаңғыртуға шешім қабылданды.
1844-1845 жылдар Кенесары Қасымұлының бастаған ұлт-азаттық қозғалысының шарықтау кезеңі болды. Бұл мезгілде қозғалыс Сырдария, Жетісу обыстары, Орталық, Батыс және Оңтүстік Қазақстанға дейін таралып, Қазақстанның