Ішкі орданы басқару бойынша Уақытша ке ңес. 1846 жылдан 1854 жылға дейін Ішкі ордада Жәңгірдің үлкен ағасы сұлтан Әділ Бөкейхан (1804-1876 ж.) жаңадан құрылған институттарды Уақытша кеңеспен басқарды. Ішкі орда құрамына үш кеңесші кірді, соның екеуі – қазақ (оның туған ағасы Меңлігерей Бөкейхан және оның әкесінің ағасы Шоқа Нұралыхан) және Мемлекеттік мүлік министрлігі тарапынан орыс кеңесшісі, полковник С.М. Матвеев. Кеңестің міндетіне бұрын ханның құзыретінде болып келген істер кірді. Қазақтар арасынан кеңесте депутаттар болды, олар сайланбады, кеңеспен тағайындалып отырды. Бұл лауазымды, алдымен, орыс мектептерінде білім алған тұлғалар иеленді. Кеңестің өзінің хабаршылары болды, олар бұрынғыдай жеке рулардың өкілі болып табылған жоқ, тек пакеттерді тасу және кінәлілерді жеткізу үшін қызмет атқарды; сапарларда шенеунік тұлғаларды алып жүрді. Осындай басқару тәртібі кеңес қайта құрылған 1858 жылдың 24 қаңтарына дейін жалғасты. Кеңес төрағасы болып орыс шенеунігі, полковник К.И. Герн тағайындалды (1859-1862 ж.). Кеңес құрамына төрағадан басқа екі орыс кеңесшісі, қазақтардан екі кеңесші кірді. 1860 жылдан 1862 жылға дейін Бөкей ордасын басқару бойынша Уақытша кеңес әкімшілік бөлу мен орналастыру бойынша ісшараларды ұйымдастырумен болды. 1860 жылы Ішкі орда аумағы жеті әкімшілік бөлікке бөлінді, олардың әрқайсысы ағалыққа бөлінді: Қалмақ, Торғын, Таловск, Қамыс-Самарск, Нарын, 1-інші және 2-інші Теңіз жағалауы округтері. Әрбір бөлімнің басында билеушісі мен оның көмекшісі тұрды, оларды әскери губернатор тағайындаған.
Сонымен, ХІХ ғасырдың 50-жылдарының соңына қарай аймақтық әкімшілік Ішкі ордада оны Ресей империясының ортақ басқару жүйесіне енгізу бойынша іс-шараларды белсенді жүргізіп жатты.
1878 жылы 16 шілдеде Бөкей ордасы басында Орынбор әскери губернаторына, одан кейін Орынбор генерал-губернаторына қараған тәртіп негізінде енді астраханьдық губернаторға бағынатын болды. Астрахань губерниясының құрамында Бөкей ордасы жоғарыда аталған әкімшілік бөліністері мен төменгі басқару желісімен Қазан революциясына дейін сақталды.
Бақылау сұрақтары:
1. Ресей саясатының ортаазиялық аймақта күшеюінің себептерін түсіндіріңіз.
2. Ресейдің Бұхара және Хиуа хандықтарына жіберілген дипломатиялық миссиялары туралы мәлімет беріңіз.
3. Орынбор өлкесінің әскери губернаторы В.А. Перовскийдің қызметіне баға беріңіз.
4. Ішкі орданың