Алғашында, Ж. Тіленшіұлы жер мәселесін бейбіт түрде шешуге тырысып, Орынбордың әскери губернаторы П. Эссенге30 хат жолдады. Бейбіт келісімге келу мүмкіндігі бірнеше мәрте іске аспағандықтан, Жоламан батыр қарулы соғысқа шықты. Бұл қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тарихында ең ұзаққа созылған қақтығыстың бірі болды.
Жоламан Тіленшіұлы бастаған қозғалыс тарихы бойынша негізгі дерек көздеріне, көбінесе, Орынбор облысының мемлекеттік мұрағаты, бүгінде Қазақстан Республикасының орталық мұрағаты, КСРО тарихи мұрағатының № 4 қорындағы материалдар мен құжаттар жатады. Е.Б. Бекмаханов еңбегіндегі сілтемелерде көрсетілген Орынбор қаласы мұрағатының қорларында Чкалов мемлекеттік тарихи мұрағаты қоры көрсетілген. Екеуі де бір болып табылатын мұрағат Орынбор қаласында орналасқан, кейін 1938 жылы қалаға Чкалов қаласы атауы берілсе, 1957 жылы қалаға бұрынғы атауы – Орынбор қайтарылды.
1824 жылы Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуынан кейін Қаратай сұлтан31 орданың батыс бөлігінде билеуші сұлтан болып тағайындалды. Ол Жоламан Тіленшіұлының бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты.
Ж. Тіленшіұлының басқаруымен қазақтардың патша отаршыларына қарсы қозғалысының басталуына себеп патша үкіметінің өктемдік саясаты нәтижесінде табын руының қазақтарына жайылым мен су қоры болған Жаңа Елек ауданын тартып алу еді. Жоламан батыр мен оның жақтастарының патша әкімшілігі үндеуіне қатысты өткір айтылатын басқа да себептері бар: Елек өзені бойында 22 бекіністің салынуы нәтижесінде қазақтар Елек өзенінің ішкі жағалауынан айырылды; Нарын құмын орыстар мен башқұрттар иемденді; Шерғазы32 жағынан әділетсіздік пен басынушылық басым болды және т.б.
Көтеріліске қатысушылар алдына басты екі міндет қойды: қазақтарға тартып алған жерлерді қайтару және Арынғазы33 ханды босату. Ескеретін мәселе, Жоламан батырмен бірге Сырымның ұлы – Жүсіп көтеріліске қатысты. Шерғазы ханға орыс бекініс шебін паналауға тура келді.
Жоламан батырдың әскері шекара заставасына, билеуші сұлтандардың қоныстарына қарсы қозғалыс бастады. Ж. Тіленшіұлының ізінен бірнеше рет жазалаушы әскер жасақталды. 1835 жылы Жоламан батыр бастаған көтеріліс кең өріс алды. Бұл уақытта көтеріліске қатысуға қазақтардан Орск пен Троицск аралығында жаңа шептің салынуына орай 10 000 шаршы шақырым жерден айырылған жағалбайлы, жаппас, алшы, арғын, қыпшақ рулары стихиялы түрде бас көтерді.
Ж. Тіленшіұлы кейін Саржан Қасымұлы