Византия императоры VIII Михаил өзінің некесіз туған қызын ықпалы күшейе түскен Ноғайға беріп, онымен тығыз байланыс орнатты. Ал оның жаңа жағдайы Жошы әулеті мен Хулагуидтер жанжалында бейтараптықты ұстануына, оған қоса алтынордалық күштерді Дунай Болгариясына қарсы күреске жұмылдыруына мүмкіндіктер берді.
Алтын Орда тарихының келесі кезеңі Ноғайдың күшеюімен байланысты болды. Менгу-Темір қайтыс болғаннан кейін Ноғай Жошы ұлысының басты саяси тұлғасына айналды. 1290 жылдың орта тұсына қарай Ноғайдың билігі шырқау биігіне көтерілді. Жас, жігерлі Тоқта өзімен еншілес билеуші бауырларын биліктен кетіруді мақсат тұтып Ноғайға ашықтан-ашық қарсы шығады. Бірқатар қақтығыстар барысында ол Ноғайды жеңеді. Ноғайдың өзін Тоқтаның орыс сарбазы мен ұлдары Дунай бойында өлтіреді. Тоқта қуатты орталық билікті қалпына келтіріп, Алтын Ордадағы орталықтан алшақтау үрдістерін тоқтатады, сонымен бірге Византия императоры II Андрониктің қызына үйлену арқылы онымен некелік одақ құрады.
Келесі қадам, оның ең бастысы Хулагу ұлысымен байланыстарды қалпына келтіруге бағытталған сыртқы саяси мәселелерді шешуге арналады. Бұл мәселеде хан грузин патшаларына арқа сүйеуді құп көреді. Тоқтаның 1301 жылдың көктемінде жасаған жорығы нәтижесіз аяқталды. Бұдан соң ол дипломатиялық келіссөздерге көшіп Хулагуидтердің астанасы Тебризге елшілер жіберіп, кезінде Шыңғыс хан Жошыға және оның ұрпақтарына қалдырған түстік Капказдан, Газан ханның бас тартуын талап етеді. Тоқта мәмлүктік Мысырмен әскери одақ құруға дәмеленеді, бірақ оның билеушілерінің Хулагуидтермен соғысуға қаражаты да, қалауы да жоқ еді.
Алтын Орда құрамындағы мемлекеттер
Алтын Орданың гүлдену кезеңі Тоқта қайтыс болғаннан кейін билікке келген Өзбек ханның (1312-1313-1341-1342) есімімен тығыз байланысты. Өзбек хан тұсында ислам мемлекеттік дін мәртебесін иеленіп, елге діни қызметшілер мен уағыздаушылардың легі ағылады. Алтын Орда билеушісі түстік Капказда орнығып қалуға күш салғанымен онысынан ештеңе өнбейді. Келесі қадам Рюриковичтердің әр түрлітармақтары арасындағы тайталасқа айналған орыс жерлерінің мәселелеріне арналады. Бұл күресте түптің түбінде Өзбек хан Мәскеу князьдарын қолдап Юрий Даниловичке өзінің қарындасын қалыңдық етіп береді, оның есімі орыс жылнамалары бойынша Кончаку, ал православиені қабылдаған соң жаңа Агафья есімімен аталатын болады.
Профессор Т. Омарбековтің деректер