Алтын Орданың саяси тарихын қысқаша шолу ол туралы тарихи мәліметтердің көптүрлі болғанын және олардың ортағасырлық ірі мемлекеттің геосаяси жағдайымен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Алтынордалық жазбаша деректер ханның бірнеше жарлықтары түрінде ғана сақталған, себебі тоқтаусыз соғыстар, өзара қақтығыстар мен тынымсыз күрес салдарынан құжаттардың көпшілігі жойылып кеткен. Осыған байланысты араб және парсы авторларының мәліметтері ерекше маңызды болып табылады. Олардың басым бөлігін өткен ғасырда шығыстанушы В.Г. Тизенгаузен жинақтап басып шығарған еді. «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағының» бірінші бөлімі жарыққа 1884 жылы шыққан болатын және күні бүгінге дейін Алтын Орда өмірінің әр түрліжақтарын зерттеуде өте маңызды құрал болып табылады. Бұл басылымдар Алтын Орданың өмір сүру кезеңін қамтиды, онда ортағасырлық араб хроникалары мен саяхатшыларының жазбалары да біріктірілген. Араб авторларының көпшілігі Жошы ұлысына келмей-ақ, қажетті ақпараттарды дипломаттар мен саудагерлерден жинастыруы араб деректерінің кемшілігіне жатады. Сондықтан тарихи деректер сипаттайтын жалпы картина дұрыс көрсетілмеген немесе тіпті, қателіктерге бой алдырған. Соның өзінде археологиялық, дипломатиялық хаттар және т.б. дерек көздерін сараптай отырып тарихи болмысты ашып көрсетуге және толықтыруға болады.
Алтын Орданы көзімен көрген ибн-Батута сияқты араб авторларының шығармалары құнды құжаттар қатарынан орын алады. Оның жеке өзі Өзбек хан билігі тұсында Қырымда, Солтүстік Капказда, Еділ бойында және Хорезмде болып қайтқан. «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жиынтығының»21 II томы 1941 жылы жарық көрді. Оның негізін парсы авторларының шығармаларынан үзінділер құрады. Бұл тарихи дерек көздерінде Алтын Орданың саяси тарихында орын