Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1634-5
Скачать книгу
бойынша Х.М. Френ, В.В. Григорьев, Ф.К. Брун, В.К. Трутовский, Н.И. Веселовский, П.Н. Милюков, Д.Ф. Кобеко, Л.Л. Голицын, С.С. Краснодубровский, Ф.Ф. Чекалин24 және т.б. еңбектері белгілі. Сонымен бірге көптеген археологиялық қазбалар нәтижелері Алтын Орда туралы біздің білімімізді кеңейте түседі. Археологиялық ескерткіштерді зерттеу XIX ғасырдың бірінші жартысында мемлекеттің астанасы – Сарай-алДжедидте А.В. Терещенко жүргізген қазба жұмыстарынан басталады. Алтын Орда қалаларын зерттеушілер қатарына біздер Г.А. Федоров-Давыдовты25 да қосамыз. Оның төменгі Еділ бойында жүргізген көпжылдық археологиялық қазба жұмыстары Алтын Орданың тарихы мен мәдениеті туралы материалдар жинауға мүмкіндіктер берді. Алтын Орданың нақты археологиялық ескерткіштерін зерттеуге К.И. Новоструевтың, С.М. Шпилевскийдің еңбектері арналған. И.Н. Березин мен Г.С. Саблуков26 секілді авторлардың еңбектері мемлекеттің ішкі құрылысын зерттеді.

Алтын Орданы зерттеу кеңестік кезеңде де өз жалғасын тапты. Аталған кезеңге қатысты еңбектерде Алтын Орданың Шығыс Еуропа, Капказ, Сібір, Орталық Азия және Ресей халықтарының саяси, экономикалық, этникалық және мәдени дамуына тікелей немесе жанама ықпалы туралы баяндалады. Дегенмен марксистік-лениндік әдістемесімен қаруланған бұл зерттеулерде Алтын Орда үстемдік еткен халықтар үшін басқыншы-жазалаушы болған, олардың даму үдерісін тоқтатып, шегіндірген деген сыңайда қорытындылар жасалады. Бұл қатардағы тарихи зерттеулерге А.Н. Насонов27, Б.Д. Греков,

A. Ю. Якубовский28, И.П. Петрушевский29, М.Г. Сафаргалиев30, И.Б. Греков31, К.А. Пищулина32 және т.б. еңбектері жатады.

Алтын Орданың тарихнамасы XX ғасырдың 90-жылдары Ресей ғылымының перспективті бағыттарының біріне айналды. Жетекші зерттеушілердің бірі татар ғалымы Мірқасым Усманов ортағасырлық мемлекеттің тарихын зерттеуде бірқатар мәселелерді қойып белгіледі. Мұндай тарихнамалық мәселелерге ол Алтын Орда тарихын фальсификациялауды (бұрмалауды), монополизациялауды және стереотиптерді таңуды жатқызады. Алтын Орда тарихының әр түрліаспектілерін зерттеуде заманауи және перспективалы тәсілдерді В.П. Костюков33 та ұсынды, оның пікірінше «қыпшақтардың автохтондық рулары мен тайпалары Алтын Орда көшпелі халқының басты компоненті болды және жаулап алушыларды ассимиляцияға үшыратты». Жошы билігіндегі далалықтарды және одан тысқары бөліктерді жаппай «қыпшақтандырумен» қатар Қытайдан Мысырға дейінгі Алтын Ордадан тысқары аумақтардағы этникалық үдерістерге қыпшақтардың өздері де қатысты.

Қазіргі қазақстандық тарихнамадағы келесі ұстанымдарды бөліп көрсетуге болады: «Шығыс Дешті Қыпшақты жаулап алу және оны моңғол империясының құрамына енгізудің аймақтық және одан арғы этносаяси тарихы үшін екі маңызды салдары болды. Монғол үстемдігі жаулап алған халықтың этникалық формасы мен әлеуметтік-саяси құрылымын едәуір өзгертті және

24

Егоров В.Л. Историческая география Золотой Орды: автореф. докт. дисс. – М., 1986.

25

Федоров-Давыдов ГА. Кочевники Восточной Европы под властью золотоордынских ханов. – М., 1966.; Общественный строй Золотой Орды. – М., 1973.

26

Егоров В.Л. Историческая география Золотой Орды: автореф. докт. дисс. – М., 1986.

27

Насонов А.Н. Монголы и Русь. – М. – Л., 1940.

28

Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. – М. – Л., 1950.

29

Петрушевский И.П. Земледелие и аграрные отношения в Иране ХІІІ-ХІV вв. – М. – Л., 1960.

30

Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. – Саранск, 1960.

31

Греков И.Б. Восточная Европа и упадок Золотой Орды. – М., 1975.

32

Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в сер. XV – нач. XVI вв. – А., 1977.

33

Костюков В.П. Была ли Золотая Орда «Кипчакским ханством»? // Тюркологический сборник. Тюркские народы России и Великой степи. – М., 2006. – С. 199.