Хорезмшах сұлтаны Жалал ад-Дин моиғол шапқыншылығына қарсы аяусыз күресін тоқтатпайды. Деректерде ол «сөзі бойынша түркі еді, бірақ парсы тілінде де сөйлейтін, арыстандардың арасындағы арыстаны және жауынгерлер мен батырлардың ең ержүрегі болатын» деп сипатталатын Жалал ад-Дин сұлтан билікті 1220 жылы Мұхаммед Хорезмшахтың даңқсыз өлімінен кейін ғана қолына алды. Хорезмнің қорғанысын ұйымдастыра алмайтынына көзі жеткеннен кейін әрі өз өміріне жасалған қастандықтан кездейсоқ аман қалған сұлтан өзіне адал берілген, 300-дей түркілерден құралған әскерімен, ТемірМәлікпен бірге қазіргі Ауғанстан аумағына өтіп кетуге мәжбүр болды. Сәл алға озып айта кетсек, бұдан былай Жалал ад-Динмен бірге моңғолдар үшін үлкен қауіпке айналған Темір-Мәлік тағдырдың талай сынынан өтеді. Жалал ад-Дин қайтыс болғаннан кейін сопы киімін киіп, Шамға, Сирияға кетеді. Бірақ туған жерге деген махаббаты мен сағынышының әсерінен қайта оралып, біраз уақыт Ош маңында тұрып, бала-шағасы жайлы мәліметтер жинап, бір күндері Ходжентке қайтып оралады. Алайда дерек мәліметтеріне қарағанда ол өзін танып қойған монғол қолбасшысы Қадакан-Оғұлдың қолынан қаза табады.
Көп ұзамай қыпшақ даласы да моңғолдар билігіне өтеді. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қаңлы, қыпшақ және т.б. тайпалардың бірнеше бөліктері Шыңғыс хан әскеріне еш қарсылықсыз бағынғаны да белгілі.
Шыңғыс хан бастаған моңғол әскері Орта Азия аумағын 1221 жылы, ал бүкіл Қазақстан аумағын жаулап алуды 1224 жылы аяқтағаны белгілі. Моңғол шапқыншылығын көзімен көрген автор: «Адамдар бұрынғы ғасырларда, жойылған мемлекеттер заманында да құлақ естіп, көз көрмеген апаттардың куәсі болды», – деп сипаттаған моңғол шапқыншылығы адамзат тарихындағы ең қайғылы, күрделі оқиғалар қатарына жатары даусыз.
Алғашында «киіз туырлықты халықтарды біріктіру» ұранымен жүргізілгені моңғол жаулап алушылығының нәтижесінде Шыңғыс хан Сібір, Қазақстан, Шығыс Түркістан аймағындағы түркі тайпаларын күшпен бағындыру, жаулап алу, бейбіт құда-жекжаттыққа негізделген байланыстар орнату, т.с.с. әдіс-тәсілдермен өзіне бағындыру саясатын сәтті аяқтап шықты. Бірақ ол «киіз туырлықты халықтардын» ендігі үстемдік жүргізушілері моңғолдар екендігін