Әдеб.: Сокровища музея императорского дворца. Гугун. Москва: Издательство «Наталис» Рипол Классик, 2007. С.42-44.
ВОЛОНТЕРЛІК (француз, volontaire – ерікті) – қайырымдылық, әлеуметтік және де өзге қоғамдық пайдалы мақсаттары бар еңбек қатынасының жүйесі. Волонтерлердің еңбегін материалдық, қаржылық өтеусіз негізде пайдалану, музейдің жанама қаржыландыруының бір түрі. Волонтерлерді жұмысқа тартудағы музейдің мақсаты – адамның жеке тұлға ретінде дамуына және оны қоғамның қабылдануына жағдай жасау.
ГАЛЕРЕЯ (француз – galerie, итальян – galleria) – өнер туындаларын жинауға, насихаттауға, зерттеуге бағытталған, өнер коллекцияларын хронологиялық, тақырыптық, жанрлық т.б. бойынша экспозициялауға мамандандырылған музей, немесе өнер музейінің бір бөлігі. Г. қызмет аясы 20 ғ. – да кеңейе түскен. Г. құрамында өнер салондары, аукциондар, арт білім беру мекемелері, үйірмелер жұмыс жасайды. Г. өз қорына материалдық мәдениет мұраларының кез-келген түрін насихаттай алады.
Әдеб.: Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Сәулет және құрылыс / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ, 2006.; Өнердің ықшам тарихы – Антик өнері – Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.
ГАМБУРГ ӨНЕР МУЗЕЙІ – Германиядағы ірі музейлердің бірі, 1869 жылы Гамбургтік Өнер қоғамының бастамасымен құрылған, архитектор Георг Теодор Ширмахердің басшылығымен салынған ғимаратқа орналасқан. Музей қорында көне шеберлер, 19 ғ., классикалық модернизм, қазіргі заманғы өнер туындылары жинақталған. Көне шеберлер галереясында солтүстік герман суретшілері, 17 ғ. голланд өнері, қайта өркендеу дәуірі, 16-18 ғ. – лардағы француз суретшілері Үлкен Ганс Гольбейн, Үлкен Ганс Бургкмайр, Ян Максейс, Питер Янс Сандредам, Эммануэл де Вит, Рембрандт, Якоб Ван Рейсдал, Питер Пауль Рубенс; гамбургтік суретшілер Франк, Георг Хинц, Бальгазар Деннер; ал 19 ғ-дағы неміс көркемсуреті тарихы экспозициясында Филипп Отто Рунег, Иозеф Антон Кол, Юлиус Шнорр фон Каролсфелд, Каспар Давид Фридрих, Ансельм Фейербах, Ханс фон Маре, Адольф фон Хильдебранд, Адольф Менцел, Вильгельм Лейбл туындылары; 19 ғ. – дағы француз суретшілерінен Гюстав Курбе, Камил Коро, Онор Домье, Эдгар Дега, Анри де Тулуэ-Лотрек, Поль Гоген, Пьер-Огюст Ренуар, Эдуард Мане, Клод Моне, Альфред Сислей, Поль Сезан; барбизиондық мектептен Теодор Руссо, Шарл Франсуа Добиньи, Констан Труайон туындылары; сондай-ақ 20 ғ. –